2018 жылдан бастап Ұлттық қордан қаражат тарту қысқартылады – Бишімбаев
Биылғы жылдың соңына дейін Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордың қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлейді, деді Мәжілістің үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Мұнайдың төмен бағасын ұстап тұру тәртібінде Ұлттық қорды сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Біздің базалық жоспар бойынша Ұлттық қордан бөлінген жыл сайынғы трансферттің көлемі 2017 жылы 1,4 трлн теңгеден және 2018-2019 жылдары 1,0 трлн теңгеден артық болады. 2018 жылдан бастап Ұлттық қордан тартылатын қаражат айтарлықтай қысқартылады», - деді Қ.Бишімбаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ведомствода Ұлттық қордың қаражатын басқарудың жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Концепция жылдың соңына дейін әзірленіп, Үкіметтің қаралуына ұсынылады», - деді ол.
««Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылым мен тұрғын үйдің ауқымды құрылысына байланысты құрылыс көлемі 6,7% -ға өсті. Тұрғын үйді пайдалануға беру қаңтар-тамыз айларында 14 пайызға өсті, яғни 6,37 млн шаршы метрге көбейді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің көлемі 26,7 пайызға өсті – 3,1 млн шаршы метрге дейін, жеке тұрғын үй 4 пайызға өсті – 3,3 млн шаршы метрге дейін»,-деді Қ.Бишімбаев.
Минстрдің айтуы бойынша, мемлекеттің қаражаты есебінің арқасында салада оң динамика сақталған және оған 507 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
Министрліктің мәліметі бойынша, тұрғын үй құрылысының артуы Павлодар облысында – 42,9 пайыз, Ақмолада – 42,8 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда-38,7 пайыз және Солтүстік Қазақстан облысында 33,1 пайызға өскені байқалады. Сонымен қатар, Қостанай облысында 8,7 пайызға төмендеу тіркелген.
«2015-2016 жылдары тұрғын үй инфрақұрылымын жинау үшін 151,2 млрд теңге бөлінген»,-деді министр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жекешелендіру үрдісін жақсарту үшін Үкіметпен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешендік жоспары бекітілді. Оған 783 жекешелендіру нысандарының тізімі, сонымен қатар ТОП-65 ірі компаниялар кіреді. Бұлар мұнай-газ, темір жол, атом, энергетикалық және тағы да басқа ұйымдар»,-деді Қ.Бишімбаев.
Министрдің айтуы бойынша, бүгінгі күні тауар нарықтарының талдауы аясында квазимемлекеттік сектор компаниялары анықталуда және олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді.
«Бәсекеге қабілетті ортаға тарату мақсатында министрліктер мен ведомстволардың ведомстволық бағынышты ұйымдарына қайта түгендеу жұмыстарын жүргізу керек. Осылайша, жекешелендіру нысандарының тізімі толығып отырады. Оның басты мақсаты – экономикаға мемлекеттің қатысуын төмендету», - деді министр.
Ведомство басшысының айтуы бойынша, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекешелендіру 30-40%-ға капитал мен инвестициялардың қайтару деңгейін арттырады.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
