Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қ.Бишімбаев: 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады

Экономикалық өсім шикізат секторымен қамтамасыз етілуде. 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады, деді Мәжілістің үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Экономикалық өсім барған сайын шикізат секторымен қамтамасыз етілуде. 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады. Металлургия өнімдерінің өндірісі 8,3 пайызға, азық-түлік 3,8 пайызға, мұнай өңдеу 0,6 пайызға, пластмасса 2,4 пайызға, сонымен қатар фармация 2,5 пайызға өсті»,-деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, шикізат тауарлары  үшін экспорттың құрылымы да ұлғайтылды.

«Жоғары өңделген өнімдердің экспорты өсті – бұл тамақ өнеркәсібі: қант және тәтті тағам өнімдері  17,2 мың тоннаға дейін, яғни 84,0 пайызға  май және тоң май 26,9%, ет және ет өнімдері 12,5 пайызға өсті, химиялық тыңайтқыштар: 82,2 пайызға (114,5 мың тоннаға дейін), тоқыма материалдар 4,4 пайызға, дайын метал өнімдері: мойынтірек 51,2 пайызға өсті»,-деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, өңір бойынша өнеркәсіптің өсуі 9 аймақта байқалса, кему 7 аймақта тіркеліп отыр.

«Өнеркәсіп өндірісінің жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстанда 4,5 пайызға, Ақмолада 4,2 пайызға және Шығыс Қазақстан облысында 4,1 пайызға жетті. Ал,  мұнай өндірудің    азаюына   орай, Қызылорда облысында 10,6 пайызға және Маңғыстау облысында 3,9 пайызға төмендеу байқалады. Қостанай облысында 4,1 пайызға төмендеу байқалады»,-деді ол.

«Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды оқытуды жою, апаттық жағдайдағы мектептердің санын қысқарту және 2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды толығымен мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. 2015-2016 жылдары 77,3 млрд теңге бөлінді, 2015 жылы – 19,4 млрд теңге, 2016 жылы- 57,9 млрд теңге 96 білім беру нысандарының құрылысы үшін бөлінді. Олардың ішінде -77 мектеп және 19 балабақша бар»,-деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні білім берудің 41 нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 21 мектепті үш ауысымды оқытуды жою үшін пайдалануға берді, 6 мектеп апаттық  жағдайда тұрған мектептерді ауыстырды  және 14 балабақша ел игілігіне тапсырылды.

«Жылдың соңына дейін қосымша 8 мектеп пен 4 балабақша салынатын болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2017 жылы біз Ұлттық қордан қосымша 71,7 млрд теңге беруді қарастырдық, сондай-ақ мектептерді сейсмикалық нығайтуға 8,3 млрд теңге қарыстырылған»,-деді министр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
509

Осы тақырып бойынша

Қ.Бишімбаев: 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады - Yvision.kz