Мазмұнға өту

Жаңа

ОҚО тұрғындары «Тәуелсіздік» тау шыңын бағындырды

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Бұл - біздің таулар» фестивалі өтті. Дәстүрге айналған шара биыл Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде өткізілді. Облыс әкімдігі хабарлағандай, іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырумен қатар, суретшілердің сайысына да қатысты. Арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаңартты. Бұдан бөлек, “Bal Tekstil” кілем тоқыма фабрикасының демеушілігімен «Біз туризм және экологиямен біргеміз» қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе - ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды. Фестиваль қортындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеңімпаздарға арна…

0
0
573

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және бала тәрбиесі

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын жүзеге асыру аясында және Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»-не сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы білім беру мекемелерінің тәрбие жоспарларына енгізілді. Осыған орай, 2016 жылдың 13 – 16 қыркүйек күндері Департамент Орал қалалық білім беру бөлімі мен «Заман» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, мектептің бастауыш және жоғарғы сыныптарының ұстаздарына, колледж және жоғарғы оқу орындары оқытушыларына арналған семинар-кеңестер өткізді. Өткізілген шаралардың басты мақсаты білім беру бағдарламаларына енгізілген өз…

0
0
2155

ҚР Президентіне темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасында болды. Қазақстан Президентіне облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына көрсетіліп отырған қамқорлық үшін Елбасыға алғыстарын айт…

0
0
658

Дөңгелек үстел

2016 жылдың 15 қыркүйек күні «Заман» жастар қоғамдық бірлестігімен «Қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету және құқықтық  сананы жағарылату мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында дөңгелек үстел оздырылды.

Шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы және оның іске асырылуы бойынша баяндама жасады.

0
0
593

Әскер ауыл балалары үшін «әлеуметтік лифт» бола алады ма?!

Жақында сенат депутаты Дариға Назарбаева жедел әскери қызметті 2 жылға ұзартуды ұсынды. «Ең бірінші неден бастаймын?! Егер қорғаныс туралы айтатын болсақ, Үкіметте біз жастардың ісін көтерген болатынбыз. Мектеп бітірген жастар арасында колледжге де, жоғары оқу орындарына да түспейтіндер көп. Олар жұмыссыз қалады. Осы тұрғыда статистикалық мәліметтер өте нашар. Жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңға тарта түлек еліміздің не экономикалық, не әлеуметтік кеңістігіне ене алмауда. Мен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерді қысқартып, жедел әскери қызметке қабылданатындардың санын көбейтуді көтергім келеді. Жастар әскерде міндетін атқаруға мүмкіндік беру керек. Жаңа мамандықтарды меңгеріп алар еді» Осы мәселе бойынша үш жағдай есіме түседі. Барлығы өз ауылымның жігіттері жайында. 1. И…

2
0
1343

Өмір......!

Өмір жайлы,

Көп айтады адамдар.

Назын айтып,

Өкпелейді өмірге.

Еске алады,

Өкпе арызын төгуге.

Еске алады,

Қара бұлт кеп төнгенде,

Аспанынан шырақ нұры сөнгенде.

Бар айнала, тасталқан болып жатқанда.

Еске алады,

Бар күнәні төгуге.

Тырыспайды, ашық күнді көруге.

Айналаға мейірімін төгуге.

Түрлі-түсті ғажап мына дүниеде,

Мән бермейді әсем сұлу өмірге.

0
0
587

Антиромантика. Көзімді ойып берейін сен үшін

Жақында фб лентамды ақтарып, мынандай бір жазбаға көзім түсті: Амантай Тойшыбай. «Соқыр қыз» Су қараңғы зағип қыз өзін де, өзгелерді де шексіз жек көретін. Ол тек өзіне ғашық болған бір жігітті ғана жақсы көріпті. Өйткені, сол жігіт қана бойжеткенге ерекше қамқорлық жасап, анасынан да артық көңіл бөледі екен. Бойжеткен өмірді көзбен көретін сәтті күн туар болса, осы жігітке сол күні-ақ тұрмысқа шығамын деп ант етіпті. Сонымен, Құдайға қараған бір жақсы адам оған екі көзін сыйға тартып, бойжеткен бұл әлемді де, өзінің ғашық жігітін де көрген екен. Ғашығы: «Жаным, өмірді көзіңмен көретін сәтті күнің туды, енді маған тұрмысқа шығарсың?» депті. Бойжеткен жігітке көз салса, ғашығы дәл өзіндей соқыр екен. Қыз селт етіпті де, сол сәтте одан бас тартыпты. Жігіт те жылай-жылай алыстап кете барыпты…

1
0
618

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президентін 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бүгін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев өзінің туған күнін тойлап жатыр.

«Құрметті Алмазбек Шаршенұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық және бауырлас қырғыз халқының игілігіне арнаған күрделі де маңызды қызметінде сәттілік тілеймін», - деп аяқтады Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында сөйлеген сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен ТМД елдері басшылары кеңесінің мерейтойлық  25-ші отырысы шағын құрамда өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
593

Астана-Теміртау бағыты бойынша 10 км автожол қолданысқа берілді

Қарағанды облысының Осакаров ауылының маңында Астана-Теміртау бағыты бойынша 10 км-ге созылған автожолдың қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ. Құрылыс және монтаждау жұмыстарын «Ақмола құрылыс материалдары» мердігерлік ұйымы жүзеге асырды. Қайта құру процесінде 125 адам, 66 көлік құралдары жұмысқа тартылды. Ералы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша, автомагистраль бойында жеңіл көлік қозғалысын азайту үшін жерасты өту жолы салынды. Қайта құру процесі барысында осы бөлікте 60000 текше метр цемент-бетон төселді. Цемент-бетонды жолдардың артықшылығы жоғары берікті, төзімді, беткі қабаты түзу болып келеді, ол өз кезегінде алдағы уақытта жолды қамту шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Естеріңізге сала кетейік, «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары…

0
0
305

Ақтөбеде аймақтық медициналық кластерды құру жобасы талқыланды

Ақтөбе қаласында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің «Кластерлік медицина, мемлекеттік-жекенменшік серіктестік. Халықаралық байланыстарды жетілдіру. Аймақтық денсаулық сақтау саласының күн тәртібіндегі жаңа мәселелері» форумы өтті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Жиынға алыс-жақын шетелдердегі медициналық ұйым басшылары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Форумда сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымын дамыту мен жақсарту бойынша жұмыс әрі қарай жалғасатынын атап айтты. «Аймақтардағы және медициналық көмек көрсетудің әртүр…

0
0
248