Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда бастапқы жария ету акциясы бойынша бюджетке 4 млрд теңгеден астам қаржы түсті – Қаржы министрлігі

Ағымдағы күнге барлығы 2 696,4 млрд тенге сомасында 108 923 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 2 384,8 млрд. тенге, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 082,0 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін     105 092 өтініш  түсті.

«Сомасы 809,8 млрд. теңгеге 87 164 тұрғын үй объекті,  сомасы 254,7 млрд. теңгеге 46 640 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 10 310 млрд.теңгеге 169,1 коммерциялық объект, сомасы 11,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 68 қатысу үлесі,  сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті», - делінген хабарламада.

100 191 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы  813,2 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 6,2 млрд. теңге құрайтын 145 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

Сомасы 3 214,7 млн. тг құрайтын 124 тұрғын үй объекті, сомасы 32,1 млн. тг құрайтын  8 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті, сомасы  15,5 млн. тг құрайтын, 9 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі,  2 904,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 6,1 млрд. теңгеге 136 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

«ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 14.09.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 656,4 млрд.теңге ақшаны жария етуге 3 385 жинақ шот ашылды, (оның ішінде шетелден аударылған 238,9 млрд. теңге) (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 633,2 млрд.теңге) соның ішінде:   оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы,1 527,4 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына по 3 507 декларация ұсыну және шот ашу арқылы, 48,1 млрд.теңге әлі декларацияланбады», - деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 429,4 млн. теңге көлемінде 48 декларация түсті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
410

ҚР ҰЭМ әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының өсу себептерін түсіндірді

Баға ортасын өзгерту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне арналған тарифтерді ұлғайту, маусымдық ауытқудың әсері, экспорттық жеткізілімнің әсері әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне ықпал етті. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Үкімет пен Ұлттық Банк қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспар аясында, Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуін болдырмау тапсырмасын берді. Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне маңызды тауарлардың 33 түрі кіреді: макорон өнімдері, жарма, көкөніс, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа мен тұз және олар инфляцияны есептеу кезінде ескеріледі. Ресми статистиканың мәліметі бойынша, жылдың басынан бастап тұтынушылық индекс 5,4 пайызды құрады, сонымен қатар азық-түлік тауарлары-5,2 пайызды құрады. 2016 жылдың 30 тамыз жағдайы бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне баға 109 пайызды құрады»,-деді Қ.Бишімбаев.

«Біріншіден, әлемдік нарықтағы бағаның өзгеруі мен ұлттық валютаның құнсыздануы импорттық жеткізушіге әсер етіп отыр. Ал отандық тауарларды тұтынуын қамтамасыз ету 60%-ды құрайды: ірімшік (16,7%), сүзбе (55,8%), тауық еті (41,6%), сұлы жармасы (55,1%), шекер (56,4%).  Екіншіден, табиғи монополия қызметінің тарифін көтеру (электр энергиясы, су) және ЖЖМ бағасы 2015 жылдың қыркүйегінде 15,6%-ға өсті. Былтыр 1-тоқсанда электр энергиясы бағасының 7,9%-ға өсуі азық-түлік тауарларының қымбаттауына себеп болды. Үшіншіден, маусымдық ауытқудың әсері. Жыл сайын тауардың жекелеген түрлері бойынша қоймадағы қордың азаюына байланысты олардың бағасы құбылып тұрады. Бұл ең алдымен көкөністер: картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат, қызылша. Баға, әдетте, сәуір-тамыз айларында көтеріледі. Төртіншіден, экспорттық жеткізудің әсері. Еуразиялық экономикалық одақ аясында, Ресей мен Қырғызстанның шекара маңындағы бағалардың өскен жағдайда ішкі нарықтағы тауарлар құны да көтеріледі», - деп мәлімдеді ол.

Осылайша, аталмыш фактор бағаның өсуіне өзінің әсерін тигізді және олар жылдың соңына дейін бағаның айтарлықтай өсімі болмайды деп күтеді.

«Жыл сайын азық-түлік тауарларына бағаның өсуі бойынша жағдай қайталануда. Алайда, жергілікті атқарушы органдар бұл жағдайды ескеріп отырған жоқ және ішкі нарықта тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылдамауда»,-деді Қ.Бишімбаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
490

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бірінші кезектегі міндет

А.ж. 19 қыркүйегінде Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері   департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қ. Уажанов  семинарға  қатысушыларға  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтарын, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының жаңалықтарын хабарлады.

Сонымен қатар,  семинарда Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмауға бағытталған тиімді шаралар талқыланды.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін сауалнама жүргізілді.

Семинарға 10 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
269

2016 жылы Қазақстанға жұмысқа тұру мақсатында 12 мың адам келді

Бүгін Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің үшінші кездесуі өтті, еп хабарлады ведомство.

Шара барысында тұрғындардың тұтастығы, босқындардың құқықтарын жүзеге асыру мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, аталған саладағы аймақтық ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Халықаралық ұйымның мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады.  Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр.

Өз сөзінде Светлана Жақыпова экономикалық дағдарысқа байланысты Орталық Азия аумағындағы тұрғындардың мобильділігі арта түсетінін атап айтты.

Қазақстанда биыл еңбек мигранттарының негізгі ағымы Қытай (11 мың 641 адам), Түркия (3 мың  558), Өзбекстан (3 мың 285),  Ұлыбритания (1 мың 505) және Үндістан (1 мың 334)  елдерінің үлесінде.

«2016 жылдың 8 айында Қазақстанға жұмысқа тұру мақсатында 12 мың 963 адам (2015 жылы 16 мың 349) ЕАЭҚ қатысушы елдерінен, оның ішінде Ресей азаматтары – 9 мың 388 адам (2015 жылы – 12 мың 529), Кырғызстаннан – 1 мың 496 адам (в 2015 жылы - 1 мың 138), Беларусь елінен – 394 адам (2015 жылы - 608) және Армениядан – 1 мың 685 адам (2015 жылы - 2 мың 074) келді», - деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Сонымен бірге, биыл 210 мың адам ішкі істер органдарынан республиканың үй шаруашылығы саласында еңбек етуге рұқсат алды (2015 жылы үй шаруашылығы саласында 141 мың шетел жұмысшылары еңбектенген болатын).

Кездесу соңында қатысушылар ЕАЭҚ аясындағы реттелмейтін көші-қон миграциясы, Орталық Азиядағы адамдарды саудалау мен мигранттардың құқығын қорғау мәселелерін шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты өңірлік әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаңы болып табылады. Оның мақсаты – аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонның өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздің елден басқа Алматы процесінің тұрақты қатысушылары - Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
233

Жемқорлықсыз ел — дамыған ел

А.ж. 20 қыркүйекте  «Тәуелсіздік» алаңында «Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн және барлық құқық бұзушылық түрлерiне «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қалыптастыру жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет бөлімі  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен ҚР 25 жылдығына арналған мерекелік концерт   өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа, сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне  төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды  сақтау және  нығайту.

Іс-шараға облыстың  мемлекеттік органдарының өкілдері,  Көкшетау қаласының жоғарғы оқу орындары мен  техникалық және кәсәіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысады.

Департамент госслужбы

0
0
492

Жемқорлықсыз ел — дамыған ел

20 сентября т.г. на площади «Тәуелсіздік» в целях исполнения Постановления акимата Акмолинской области «Об утверждении Плана мероприятий по формированию уровня антикоррупционной культуры и принципа «нулевой терпимости» ко всем формам правонарушений в Акмолинской области на 2016 год» по инициативе Департамента Министерства по делам государственной службы РК отделом культуры г. Кокшетау будет организован и проведен праздничный концерт приуроченный к 25-летию Независимости РК.

Целью мероприятия является формирование антикоррупционной культуры, сохранение и укрепление в обществе системы ценностей, отражающей нетерпимость как к коррупции так и ко всем формам правонарушений.

В мероприятии примут участие представители государственных органов области, студенты ВУЗов и ТиПО города Кокшетау.

Департамент госслужбы

0
0
268

Д.Абаев: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде жүзеге асады

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

«Мемлекеттік органдардың басты міндеті – халыққа қызметтің барынша сапалы, әрі оңай көрсетілуін қамтамасыз ету екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Осы бағытта ел игілігі үшін қыруар іс-шара жүзеге асырылды», - деді ол.

Оның айтуынша, мысалы, жеке куәлікті алу бұрын бір айға созылса, қазір ол бар болғаны 2 күнде дайын болады. Және тіркелген орныңызға қарамастан, кез келген қаладан ала бересіз. Осылайша, халықтың уақыты ғана емес, қаржысы да үнемделіп отыр. Немесе ең жиі сұралатын қызметтердің бірі – «қылмыстық құқық бұзушылық туралы» анықтамаға тоқталайық. Бұрын 7 күн ішінде берілетін осы құжатты қазір санаулы минут ішінде алуға болады. Кәсіпкерлік үшін жасалған жеңілдіктер де аса қомақты.

«Мысалы, барлық лицензия түрлерін алу бұрын 30 күнге созылды. Ол үшін талай құжат жинауға тура келетін. Қазір электронды үкімет порталы арқылы оны 15 күн ішінде жүзеге асыруға болады. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады», - дейді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтер реестрінде 739 қызмет түрі бар. Соның 530-ын электронды үкімет порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемелеттік корпорациясы арқылы алуға болады.

«Мекемеаралық комиссияның биылғы отырысында қағаз жүзіндегі 209 қызмет болса, оның 53-і «Азаматтарға арналған үкіметке» берілген. Ал қалған 156-сы әзірге толық шешілген жоқ. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асырады», - дейді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
361

700 мыңнан астам ақтөбелік жыл соңына дейін табиғи газбен қамтамасыз етіледі

2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысының барлық аудандары газдандырылады, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасы тапсырмасын орындау үшін өңірде халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, атап айтқанда елді мекендерді газдандыру шаралары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыруға республикалық  және жергілікті бюджеттен қыруыар қаржы бөлінуде. Облыста жыл сайын 4 млрд текше газ өндіріледі, қазіргі таңда 695 мыңға жуық адам тұратын 375 елді мекеннің 101-і газдандырылған.

“Облыс әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық қаржы есебінен Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылдарынан, Ырғыз ауданының Ырғыз, Алға ауданының Үшқұдық ауылдарының ішіне жалпы құны 5,9 млрд. теңге болатын ұзындығы 293 шақырымдық газ құбырын тартты. 2016 жылдың шілде айында бюджет қаржысы есебінен 2014 жылы басталған Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына  қарай өтетін газ құбырының құрылысы аяқталды”, - делінген хабарламада.

Бұдан өзге, ағымдағы жылы Мәртөк ауданының Казанка, Қарғалы ауданының Жосалы, Кемпірсай, Шалқар ауданының Байқадам, Шетырғыз ауылдарын газдандыру жобаларын жүзеге асыру басталды.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен жасалған меморандумға сай құны 14,3 млрд. теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылады. Оның ішіне ұзындығы 316,8 шақырым  газ құбыры тартылатын Әйтеке би ауданының Комсомол, Ойыл ауданының Ойыл, Қарғалы аудананың Қос Естек, Мұғалжар ауданының Талдысай, Еңбек, Алтынды, Хромтау ауданының Аққұдық  ауылдарын газдандыру, Ақтөбе және Қандыағаш қалаларындағы Ақтөбе газ тарату бекетінің құрылысы кіреді.

2016 жылдың соңына дейін барлық 12 аудан орталықтары газдандырылып, 109 елді мекенде тұратын 715 тұрғын газбен қамтылады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
630

Премьер-Министр облыс әкiмдерiне бірінші қажеттіліктегі азық-түлiк бағасының өсуін болдырмауды тапсырды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында облыс әкiмдерiне бірінші қажеттіліктегі азық-түлiк бағасының өсуін болдырмауды тапсырды.

«Қанша азық-түлiк түрi бойынша екенi маңызды емес. Бастысы, факт бар. Жүйелi жұмыс жүргiзу керек. Екiншiден, орта республикалық деңгеймен салыстыру дұрыс емес. Облыста өмiр деңгейi орташа республикалық деңгейден төмен. Сондықтан салыстырудың қажетi жоқ», - дедi өз кезегiнде Б.Сағынтаев.

Батыс Қазақстан облысының әкiмi де бағаны тұрақтандыру үшiн қажеттi жұмыс жасалып жатқанын айтты.  Премьер-министр тұрақтандыру қорының қаражатын пайдалануды тапсырды.Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс  туралы баяндаманы тыңдады.

Осы орайда, Премьер-Министр аталмыш мәселені шешіп, азық-түлік тауарларына бағаның өзгеруіне алдын-ала әрекет етуді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері  өндірістік  бағаның индексі 5,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауары – 5,2 пайызды құрады. 2016 жылдың 30 тамызындағы жағдай бойынша жыл басында ӘМАТ бағасы 9 пайызды құраған болатын.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
425

Қазақстан діни бірлестіктерінің міндеті қоғамның руханиятын арттыру болып саналады – Ермекбаев

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жаңа қызметіндегі екінші ресми кездесуін өткізді. Осы жолы ол Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдап, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Тараптар  діни бірлестіктердің осы саладағы жұмысына тоқталды.

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр  еліміздің дін саласындағы қазіргі саясатын тілге тиек етіп, жаңа министрліктің ол саясатты жалғастыра беретініне сенім білдірді.

«Бүгін мен жаңа министрмен таныстым. Кездесу кезінде біз дін саласындағы бірқатар мәселелерді талқыладық. Шыны керек, бүгінде Қазақстандағы дінаралық келісім мен ұлтаралық достық көптеген мемлекеттерге үлгі болып отыр. Бұл – талай жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынас моделі. Көрші елдер оған таңғалып қарайды. Біз Президенттің қазіргі салиқалы саясаты үшін өз алғысымызды айтамыз. Жаңадан құрылған министрлік те ортақ іске өз үлесін қосады деп сенеміз», - деді метрополит.

Өз сөзінде Н.Ермекбаев қоғамның руханиятын арттыру, елге, халыққа деген сүйіспеншілікке, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелейтін шынайы рухани құндылықтарды түсіндіру, сондай-ақ халықтың бойында дін атын жамылған радикалды идеологияларға қарсы тұратын иммунитетті қалыптастыру мәселесін ерекше атап өтіп, діни бірлестіктердің осы саладағы жұмысына тоқталды.

Айта кетейік, күні кеше ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездескен болатын.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
305