Қазақстанның Қарулы Күштерін заманауи байланыс құралдарымен қамтамасыз етеді
Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорнында өндірілген байланыс құралдарының тәжірибелік-әскери пайдаланылуын жүргізуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қуаттылығы орташа «Қарағай» радиостанциясы мен «Ақтерек» радиорелелік станциясы, сондай-ақ, құрастыру және технологиялық құжаттама 2015 жылы «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-тың мамандарымен 2015 жылы әзірленді. «Қарағай радиостанциясы (бір уақытта жүзеге асырылатын екіжақты байланысты) дуплексті арналарды немесе симплексті байланысты радиожеліге немесе радиобағытқа (бағыт бір жаққа жүзеге асырылатын екі абонент арасындағы біржақты байланыс) ұйымдастыру үшін арналған. «Ақтерек» радиорелелік станциясы басқарудың стратегиялық, же…
