Қазақстандық жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарын бос орындар жайлы міндетті түрде ақпараттандыру керек
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес барлық жұмыс берушілер бос орындар (болған жағдайда) туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы «Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» №532 бұйрығында жұмыс берушілер есебінің екі үлгісі қарастырылған. Бірінші үлгіде меншік түріне қарамастан барлық жұмыс берушілердің бос жұмыс орны (бос лауазым) пайда болған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту органдарына ақпарат ж…
