Штаб мүшелері Тоғанас ауылындағы «Раушан» шаруа қожалығында болып, шаруалармен кездесті.
Оған аудандық штаб мүшелері – Т.Даргужиев, Ж.Кенжебаев, А.Ойшыбаевалар қатысып, сайлауалды бағдарламадағы қолға алынатын бағдарламалар мен жобалардың тиімді тұстарын атап өтті. Сонымен бірге, ел дамуының алғышарты болып саналатын еңбек адамдарының маңызды рөлі жайлы сөз болды. Кездесу барысында кандидат тұғырнамасындағы көтерілген қарапайым еңбек адамын толғандыратын өзекті мәселелер көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар аудандық штаб төрағасы Т.Даргужиев мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолданудың тетіктері туралы айтып берді. Жұмысшылар штаб мүшелеріне өздерін толғандырған мәселелер туралы айтып, сұрақтарына жауап алды.Тәуелсіздік алған жылдары құлдырап кеткен ауылдар, бүгінде қайта жанданып, гүлденіп келеді. Солардың бірі кезінде күллі одаққа белгілі "Правда" кеңшарының орталығы…

