Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақбұлақ ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ақбұлақ ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өткізді.Қоғамдық штаб төрағасы О.Тулемисов және штаб мүшесі С.Дүйсенов Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. - Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз. Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалады. -деген болатын Қ.К.Тоқаев. Сондықтан Қуатты Қазақстанды құруда әр азамат белсене ат салысуы керек- деді штаб төрағасы О.Тулемисов Үгіт-насихат кездесуге қатысқан тұрғындар алдағы 20 қараша күні өтетін сайлауға өз үндерін қосып, кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдайтындықтарын білдірді.

#Тoqaev2022

0
0
168

Осы тақырып бойынша