Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкерлер мен жұмыссыздардың қатысуымен азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелеріне арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Шара барысында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Қайырбек Джуманиязов әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын негізге ала отырып, қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі елімізде іске асырылып жатырған мемлекеттік және салалық бағдарламаларға тоқталды.

Бұл ретте, аталған бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін көмектердің түрлерімен таныстырылып, бағдарламаларға қатысу шарттары мен қатысушыларға қойылатын талаптар туралы егжей-текжейлі түсіндірілді. Осы мақсатта қатысушыларға көрнекі материалдар көрсетіліп, практикалық тұрғыда түрлі жағдайларға сипаттама берілді.

0
0
187

Осы тақырып бойынша