Аудандық сенім білдірген өкілдері экспромт кездесулер өткізуде.
Бүгін «Дамир» сауда үйінде сенімді өкілдер ауыл тұрғындарымен, бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуде сенім білдірген өкілдер іс-шараға қатысқан азаматтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды және үгіт парақшаларын таратты.
#Toqaev2022
