Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қанай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Қ.Ермекбаев, И.Сатимов Қанай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Қоғамдық штабтың мүшелері

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

- Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.

Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз.

«Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді.,-деген болатын Қ.К.Тоқаев. Сондықтан Қуатты Қазақстанды құруда әр азамат барынша ат салысуы керек деді штаб мүшесі Қ.Ермекбаев

Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні өтетін ҚР Президентін сайлауына бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды.

0
0
170

Осы тақырып бойынша