Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін кездесу Ақсуат ауылында өтті.

Бүгін кездесу Ақсуат ауылында өтті. Кездесуге қоғамдық штаб басшысы Мирхат Ибраев және штаб мүшесі Қазиханов Білікбай ағай қатысты.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді. Сонымен қатар, өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Сайлауалды бағдарламадағы «Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы және орнықты ауыл» бағытына тоқталып, тұрғындарға жер қолжетімді болатыны және ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жандандыратыны туралы айтты.

Аудандық қоғамдық штабтың мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қазиханов халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін айтып, «Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр», – деген сөздермен жиынды қорытындылады.

#Toqaev2022

0
0
130

Осы тақырып бойынша

Бүгін кездесу Ақсуат ауылында өтті. - Yvision.kz