ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Канаданың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады – ҚР СІМ

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Канадаға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Келіссөз барысында Канаданың сыртқы істер министрінің м.а. Ли Сарти Оттавада екі жақты қарым-қатынастың ағымдағы жағдайы мен келешегін, визалық режимді жеңілдету мәселелері және ЭКСПО-2017 көрмесіне канадалық компанияның қатысуы талқыланды.

Р.Жошыбаев Қытайда өткен G20 Саммиті алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Канаданың Премьер-Министрі Джеймс Трюдомен кездесуінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Кездесу аясында Мемлекет басшысы оны 2017 жылы Астана қаласына шақырды. Көрме комиссарының айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесінде канадалық компанияның қатысуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа деңгейге  шығуға мүмкіндік  береді.

Сонымен қатар, СІМ ақпараты бойынша, Канаданың іскерлік астанасы Торонтода Р.Жошыбаев мамандандырылған «дөңгелек үстелдің» отырысына қатысып, «Қазақстан және Канада. ЭКСПО-2017 аясында Еуразиядағы  канадалық іскерлік қауымдастық пен «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесі  ұйымдастырған ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты бизнес мәслихатта сөз сөйледі.

«ЭКСПО-2017» комиссары бизнес-қоғамдастықпен көрмеге дайындық мәселелері мен олардың қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Канадалық тарап «Болашақтың энергиясы» атты тақырыптық көрмеге қатысуға ниет білдірді.

Канадада шамамен 80 пайыз  электр баламалы  көздер есебінен өндіріледі. Сол себепті ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы оларға жақын келеді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, көптеген канадалық компаниялар Астана көрмесіне дайындығын айтып,  ЭКСПО-2017 алаңында келесі жылы «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайын екендіктерін айтты.

Сапар барысында Р.Жошыбаев Канаданың ірі туристік компаниялары үшін өткізілген «ЭКСПО-2017» роуд-шоуына да қатысты. Кездесу барысында туризм  саласында тәжірибемен бөлісу мәселелері, канадалық туроператорларды ынтымақтастыққа тарту және ЭКСПО-2017 көрмесінде туристік  топтамаларды  іске асыру мәселесі талқыланды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz