Алматыда түйіршіктелген шай өндіру үшін жаңғыртылған цех іске қосылды, сонымен қатар «Үйдің жанындағы ферма» әлеуметтік дүкені ашылды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Осылайша, 500 млн теңге тұратын түйіршіктелген шай өндіру және орау бойынша жаңартылған цех іске қосылды. Оның жаңғыртылуы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында өткізілді. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорын жартылай құралдарды сатып алу үшін несие бойынша субсидияланған пайыздық төлем алды және ол өндірістік қуаттылықты 20 пайызға арттыруға түрткі болды. Ендігі күні цех айына шәй өндіруді 600-ден 720 тоннаға дейін арттырды. Бұл Қазақстандағы шәй нарығының шамамен 40% үлесі. 300 қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорын Қырғызстан, Ресей, Беларус және Моңғолияға тауарларын экспорттайды.
Сонымен қатар, Алматыда «Үйдің жанындағы ферма» атты жаңа әлеуметтік жоба бастама алды. Оның тұжырымдамасы - жақын халыққа жоғары сапалы өнімді іске асыруды көздейді.
Әкімдікте айтып өткендей, дүкен сөрелеріндегі өнімдер шаруа қожалықтарынан тікелей жеткізілетін болады, осылайша импорт алмастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар бағаны 20 пайызға төмендетеді. «Үйдің жанындағы ферма» атты арнайы дүкендерде қазақстанда өндірілген ет, балық, қышқыл сүт және кондитер өнімдері сатылатын болады.
Сондай-ақ, дүкенді тұрғызу кезінде «жасыл» технологиялар пайдаланылды: нысан табиғи ағаштан жасалған, сонымен қатар энергия үнемдейтін жарықтандыру пайдаланылған. 2020 жылдың соңына дейін қалада 27 «Үйдің жанындағы ферма» дүкенін ашу жоспарланған.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz