Мазмұнға өту

Жаңа

Н.Назарбаев: Ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді

Елбасы Нұрсұлтан назарбаев «Өтеулин» шаруа қожалығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өткізумен айналысатын аграрлық кәсіпорын қызметімен, сондай-ақ егін алқабының жай-күйімен танысты.

Қазақстан Президентіне Қостанай облысындағы астық жинау науқаны мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерімен әңгімелесті.

«Қостанай  облысы ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратын өңір болып саналады. Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін ескеріп, озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Аграрлық сала еңбеккерлері Қазақстан Президентіне өңірге жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп отырған тиімді саясаты үшін алғыстарын білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
881

Елбасы «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы Жарлыққа өзгертулер енгізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің                   2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
639

С.Ли: Борышкерлердің елден шығуына тыйым салу ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылуы тиіс

Борышкерлердің елден шығуына шектеу қою ерекше жағдайларда ғана қолданылуы керек, деді Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының төрағасы Сергей Ли.

«Бүгінде алимент төлемей отырған борышкерлер үшін тәртіп  қылмыстық және әкімшілік тұрғыда күшейтіледі. Сондай-ақ, палата  әкімшілік айыппұл салу мәселесін көтереді, себебі тұрғындардың барлық шағымы жеке сот орындаушыларының қызметіне  бағытталған,  ол елден шығу,  аз сома үшін мүлікке тиым салу мәселелері. Біз бұл мәселені борышкерлер өз қарыздарын уақытылы  өтеулері үшін көтеріп жатырмыз, демек міндеттеуге жеткізбей төлеген дұрыс», - деді С.Ли «Сот актілерін орындауды заңнамамен қамтамасыз ету.  Жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту»  тақырыбындағы  халықаралық конференция  барысында.

Палата төрағасы  айтқандай, Қазақстаннан шығуға тиым салыну тек ерекше жағдайларда жүзеге асуы тиіс.

«Ерекше жағдай ретінде:  Заңда 20 АЕК құнындағы шекті сома көрсетілген, біз бұл соманың құнын ұлғайтқымыз келеді, себебі біз кезінде жол полициясы, мемкірістер комитеті мен құзыретті атқарушы органдары ресмилемеген төленген айыппұл туралы мағлұмат алып жатырмыз. Біздің мақсатымыз – бізге тек сапалы материалдың келуін қамтамасыз ету», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жеке сот орындаушыларының портфелінде  1,9 трлн теңге сомасындағы  1,5 млн құжат  тұр.

«Негізгі сома  банк секторы  үлесіне орындалады. Егер де атқарушылық құжаттардың  санына келетін болсақ, істің  70 пайызы  мемлекет үлесіне төлетуге бағытталды.  Егер де төлетудің сапасына келетін болсақ,  8 айдың қорытындысы бойынша  70 пайызы толық орындалды», - деді ол.

Айта кетейік, Ұлт жоспары-  «100 нақты қадам»  аясында 27- қадам  қарастырылған , ол жеке сот орындаушыларының қызметін  дамытуды одан әрі қамтамасыз етіп, мемлекеттік сот орындаушылары  санының біртіндеп  азаюын қадағалайды

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
451

Қазақстанда дін саласындағы мәселелер бойынша жастармен 300-ден астам ақпараттық топ жұмыс істейді

Екі жыл ішінде «Ақ ниет» оңалту орталығы 256 қазақстандыққа радикалды ағымдардан шығуға көмектесті, деді «Жастар арасындағы діни экстремизмді алдын алу бойынша әйелдер ұйымдарының рөлі» атты мәслихат барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек.

«Мемлекеттік әлеуеттік тапсырыс аясында 2014 жылдан бастап «Ақ ниет» оңалту орталығы жұмыс жасап келеді. Орталықтың қызметкерлері діни радикалды ағымның идеясына түсіп кеткен  әйелдер арасында оңалту жұмыстарын жүргізеді. «Ақ ниет» оңалту орталығы құрылған күннен бастап, радикалды идеядан 256 адам бас тартты, сонымен қатар әйелдер»,-деді Ғабит Абзалбек.

Оның айтуы бойынша, Қазақстанда Дін істері бойынша Комитет жанындағы дін мәселелері бойынша  республикалық ақпараттық-насихаттау тобы және  дін мәселелері бойынша 304 жергілікті ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді.

«Біз халықтың мақсатты топтары бойынша жұмыс  істеуге  бет алдық. Сонымен қатар, әйел қоғамы мен жастар арасында жұмыс істейміз. Бұл қарым-қатынас тұрғысынан әйелдер ұйымдарын да тартудамыз. Әйелдер ұйымы экстремизмді алдын алу,  рухани-адамгершілік білім беруде маңызды рөл атқарады, қоғамдағы әйелдердің рөлін төмендетуге болмайды»,-деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
809

Жамбыл облысында ЭКСПО-2017 қатысушыларына арналған туристік бағыттар құрылды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені өткізу аясында Жамбыл облысының тарихи көрікті жерлері туристер үшін бағыттарға енгізілді, деп хабарлады облыстық әкімдікте.

Облыс «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дәйекті дамыту және сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» атты мембағдарламаға енгізілді, отандық және халықаралық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие.

Өздеріңіз білетіндей, облыстың шекарасы арқылы Ұлы Жібек жолының учаскесі өтеді және ол Орталық Азияның тарихи, археологиялық, сәулетті, монументалды өнер ескерткіштерінің бірегей кешені болып табылады.

Осылайша, аймақ келген туристерге «Ежелгі Тараздың қазынасы», «Ақыртастың құпиясы», «Ақсу-Жабағлы», «Ұлы Жібек жолымен», «Бүгінгі ежелгі Тараз» және басқа да туристік бағыттарды ұсынады.

Облыста екі бағыт бар. Олардың бірі Тараз қаласындағы Қарахан және Дәуітбек кесенелері, Қали-Жүніс моншасы, «Ежелгі Тараз» қалашығы.

Екінші – бұл бірегей шатқал, қызғалдақтар отаны Берікқара, Қаратау жотасы, Әуле-Бастау шипалы бұлағы, Көксай арнасы, Ақсу-Жабағылы қорығы.

Әкімдікте айтып өткендей, бүгінгі күні Жамбыл облысында 46 туристік фирма, киіз үй қалашықтары, сауықтыру кешендері, 5 демалыс алаңы, 10 балаларға арналған шипажайлық лагерлер, 5 шипажайлық-курорттық сауықтыратын орын өз жұмысын жасауда. Қонақ үй және мейрамхана бизнесі туралы ақпараттық туристік сайт құрылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
1064

Каирде Қазақстан-Мысыр парламентаралық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Каирде Қазақстанның Каирдегі елшісі Берік Арын мен Мысыр Палата (Парламент) өкілдерінің төрағасы Али Абдель Аалемнің кездесуінде Қазақстан мен Мысыр арасындағы парламентаралық байланысты кеңейту мәселесі талқыланды.

Әңгімелесу барысында елші Парламент төрағасына   АРЕ мен  елдегі маңызды  ішкі саяси  және әлеуметтік-экономикалық оқиғалар, Қазақстанның 25 жыл ішінде алған белестері мен  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамалары туралы баяндап берді.

Қазақстандық дипломат  әңгімелесушіге  Елбасының  Вашингтонда  ядролық қауіпсіздік  саммитінде  таныстырған   «Әлем. XXI ғасыр»  Манифестінің мағынасы туралы ақпарат берді. Аталмыш салада заңнамалық орган жетекшісін  Мысырмен ядролық сынақтан бас тарту келісіміне ықпал етуді ұсынды.

Б. Арын  2017-2018 жылдары  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі ретінде Қазақстанның таңдалғанын және ЭКСПО көрмесіне дайындық  жүргізіп  жатқанын айтты. Сондай-ақ,  Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының құрылуы туралы мәлімет жеткізді.

Али Абдель Ааль жиі консультациялар мен тәжірибе алмасу арқылы  екі елдің арасындағы заңнамалық саланы  дамытудың маңыздығын айтып өтті.

Оның айтуынша, мысырлық басшылықтың  елдің барлық саласында өмір сүру сапасын жақсарту бойынша  шараларды қолдануды қарастырғандықтан,   Мысыр үшін Қазақстанның  нормативтік-құқықтық қамтылуы, этникаралық және конфессияаралық келісімді  сақтау   тәжірибесі үлкен қызығушылыққа ие.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
531

Астана мен Ташкент сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған Үкімет делегациясы Ташкент қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Сапар барысында Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен, Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимовпен, Премьер-Министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен және сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрі Эльдор Ганиевпен келіссөздер жүргізілді.

Ш. Мирзиеев Өзбекстан халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын білдірді.

«Қиын күндері Нұрсұлтан Әбішұлы біздің, өзбек халқының жанынан табыла білді. Біз бұл үшін оған өте ризамыз. Қазақ халқы – біздің сенімді, шынайы әрі жақын досымыз», - деп баса айтты ол.

Ш. Мирзиеевпен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйі мен болашағы, өнеркәсіптік әріптестік, көлік және транзит саласындағы байланыстарды нығайту мәселесі талқыланды. Сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін зор әлеует бар екені атап өтілді.

«Екі ел арасындағы тауар айналымындағы теріс үрдісті бірлесе отырып өзгертуіміз қажет. Біздің шынымен де іске асырылмаған мүмкіндіктеріміз жетерлік. Орта мерзімді перспективада бізге іс жүзінде тауар айналымын 2 есеге арттырып, 5 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуіміз қажет», - деп атап өтті Ш.Мирзиеев.

А. Мамин кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретінін баса айтты.

«Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша үлкен перспективалар байқап отырмыз. Әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, көлік және логистика саласында және т.б.», - деді А. Мамин.

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимовпен өткен келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің нақты шаралары талқыланды.

Тараптар келіссөздер нәтижелері бойынша Қазақстаннан Өзбекстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің, астық пен ұн экспортын арттыру, екі елдің аумағы бойынша тасымалданатын жүк ағымдары үшін қолайлы тарифтік жағдай жасау, теміржол көлігі қызметінде өзара жеңілдіктер қарастыру, Өзбекстаннан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін жиі тасымалдайтын контейнерлік пойыздарды жолға шығару туралы келісімдерге қол жеткізілгені туралы нақтылады.

Р. Азимов «қазақстандық өнімнің сенімді тұтынушысы» болып табылатын Өзбекстан Республикасына Қазақстаннан жеткізілетін ұн мен мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту тетіктерін жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, фармацевтика, химия саласында өзара тауар жеткізуді қамтамасыз етудің, ақпараттандыру саласында кедендік өзара ықпалдастықты арттыруды күшейтудің кепілі болып табылатын бірлескен сауда үйлерін ашу мәселелері қаралды.

«Астана және Алматы қалаларында бас кеңселерін ашумен біріккен кәсіпорындар түріндегі сауда үйлерін құру біздің өзара қажеттіліктерімізге сәйкес келеді», - деп атап өтті Р. Азимов.

Сондай-ақ А. Мамин экономиканың нақты секторының бизнес қауымдастығы мен кәсіпорындары арасында тығыз іскерлік байланыстар орнату және өзара инвестициялар алмасу үшін екі ел нарығын ашу қажеттілігі туралы айтты.

Ташкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша А. Мамин мен Р. Азимов Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ұлғайту туралы Хаттамаға қол қойды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
631

Қазақстан мен Әзірбайжан Транс Кавказ дәлізі бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау келісіміне отырды

Қара теңіз бағытында Транс Кавказ дәлізі бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау саласында қазақстан-әзербайджан ынтымақтастығының негізгі мәселелері көрсетілген, деп хабарлады ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың және Әзербайжан Республикасы Энергетика министрі Натиг Алиевтің төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-әзербайжан Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өткізілді.

«Пленарлық және сарапшылық отырыстардың барысында екі жақ отын-энергетикалық кешенінде, шарттық-құқықтық базаны жетілдіру саласында, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, ауыл шаруашылығы, мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау және байланыс, ғарыш саласындағы жоғары технологиялар салалары бойынша мәселелерді талқылады», - делінген хабарламада.

Сауда-экономикалық өзара ынтымақтастық қазақстан-әзербайджан қатынастарының негізі болып табылады. Екі елдің арасындағы тауар айналымы көлемінің оң серпінін атап өткен маңызды. Мысалға, 2016 жылдың қаңтар-шілде айларына елдердің арасындағы тауар айналымы 86,7 млн. АҚШ доларын құрады, экспорт - 76,4 млн., импорт - 10,3 млн., бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 63,9%-ға арта түсті (экспорт – 53,7%-ға артты, импорт – 47,1%-ға).

Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтары және елдердің өзара ынтымақтастығының болашақ бағыттары көрсетілген Хаттамаға қол қойылды.

Хаттамада Қара теңіз бағытында Транс Кавказ дәлізі бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау саласында қазақстан-әзербайджан ынтымақтастығының негізгі мәселелері көрсетілген.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ бағытында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі Әзербайджан Республикасы аумағы бойынша 2015 жылы 2,9 млн. тонна, ал 2016 жылдың 8 айында 1,6 млн. тоннаны құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Әзербайджанда шығарылған сұйытылған көмірсутекті газды тасымалдау көлемі 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі мерзімде азаюға тұрақты үрдісі қалыптасқан (2010 жылғы 156 мың тоннадан 2014 жылда 23 мың тоннаға дейін). 2015 жылдан бастап Әзербайджанда шығарылған сұйытылған көмірсутекті газды тасымалдау тоқтатылды.

Батуми мұнай терминалын бұдан әрі жүктеу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ және «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ тұрақты негізде әзербайджандық тараппен және жүк тасымалдаушылармен, сондай-ақ көліктік дәлізге қатысушылардың барлығымен тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Сонымен қатар қазақстандық көмірсутектерді тасымалдау және сақтау үшін әзербайджандық тарап Кулеви терминалының күшін пайдалануға ниетін білдіріп отыр.

Тараптар энергетикалық жобаларды іске асыруда бірлескен мүмкіндіктерді зерделеуге, Каспий аймағынан әлемдік және еуропалық нарықтарға маршруттарды диверсификациялауға бағытталған мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудегі ынтымақтастықты кеңейтуге келісті, сондай-ақ әзербайджандық сұйытылған көмірсутекті газды «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы тасымалдау мәселелері талқыланды.

Қазақстандық тарап әзербайджандық тарапқа Әзербайджан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының «Еуразия» Халықаралық аймақтық жобасына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
794

Л.Хорват: Мажарстан ЭКСПО-2017 алаңында өз мүмкіндігін таныстырады

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Құрметті консулы Ласло Хорват және Мажарстанның Қазақстандағы елшісі Андраш Баранимен кездесті.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар  техникалық мәселелерді талқылады, Ахметжан Есімов  мажарлық тараппен көрмені өткізуге дайындық және шетелдік қатысушыларды тарту ақпаратымен бөлісті.

Бүгінгі таңда 103 ел өздерінің қатысатындығын ресми растады, келісімдерді реттеу жыл соңына дейін аяқталады.

Ласло Хорват  Мажарстан да аталмыш елдер сияқты  ЭКСПО көрмесіне қатысатындығын ресми растағандығын айтты.

«Астанада  өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі біз үшін өте маңызды, себебі біз 2021 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш бердік. Біз көрмедегі павильонымызда Мажарстанның әлеуетін көрсеткіміз келеді», - деді ол.

Л.Хорват атағандай,   Мажарстан  өз экспозициясында  электротранспорт пен көрме тақырыбы аясында өсімдікті қолдану жобасын таныстырады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
511

Н.Назарбаев: Солтүстік Қазақстан елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен үлес қосып жатыр

Қазақстан Президенті жаңа Спорт сарайына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Спорт сарайында жеңіл атлетика манежін, мұз айдынын және оқу-жаттығу базасын аралап көрді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ көркем гимнастика өнері көрсетілімін, жеңіл атлетика мен хоккей жаттығуларын тамашалады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге кәсіпкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, ардагерлер, жастар белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы әңгіме барысында Солтүстік Қазақстанның республика бойынша барлық астық көлемінің үштен бірін өсіретін жетекші аграрлық-индустриялық өңір екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы облыстың үлесіне назар аударды. Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдары көп нәрсеге қол жеткізілгенін, бірақ әрбір қазақстандық отбасының тұрмысын түзеп, әл-ауқатын жақсарту үшін әлі де көп шаруа тындыру қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
404