Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанға 25 жыл ішінде 1 млннан астам оралман келді

1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелде тұрған шамамен 1 млннан астам этинкалық қазақтар келді, деп ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары - «Serpin» Білім беру ұйымдарының Ұлттық қауымдастығының төрағасы Мұрат Әбенов «Шаңтөбе» пікірталас клубының алғашқы отырысында мәлімдеді.

1995 жылдан бастап  «Қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттікбағдарлама» дайындалды. Жаңа заңнама қазақстандық азаматтықты алуға жеңілдіктер жасады. 24 жыл ішінде этиникалық қазақтардың тарихи отандарына қайта келуін жақсарту бойынша нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп отырды. Бүгіндері қазақстандық диаспораның өкілдері әлемнің шамамен 40 елінде өмір сүріп жатыр.

«1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелден шамамен 1 млннан астам этникалық қазақстар келді, әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, мөлшерлеп талдама жасадық – барлығының 75 пайызы бұрыңғы  КСРО елдерінің өкілдері және 25 пайызы басқа елдерден келгендер. Олар көбінесе Өзбекстан, Қытай және Моңғолия»,-деді М.Әбенов.

1991 жылдан бастап 2016 жылдың 1 қаңтар айына дейін тарихи отанымызға 261 мың 104 отбасы келіп, оралман деген мәртебе алды немесе 957 мың 772 эникалық қазақтар. Олар халықтың жалпы санының 5,5% құрайды. 61,6 пайыз оралмандар Өзбекстаннан келді, 14,2 пайызы Қытайдан, 9,2 пайызы-Моңғолиядан, 6,8 пайызы –Түркменістаннан, 4,6 пайызы-Ресейден және 3,6 пайызы басқа елдерден келді.

Оралмандардың көп бөлігі Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды – 21,2 пайыз, Алматы облысына-16,3 пайыз, Маңғыстау облысына-13 пайыз, Жамбыл облысына-9,4 пайыз және басқа аймақтарға-40,1 пайыз.

Жұмыс жасай алатын тұлғалар 55,6 пайызды, 18 жасқа дейінгі балалар 39,9 пайызды және зейнеткерлер 4,5 пайызды құрады. Оралмандардың ішінде жоғары білімі барлар 8,8 пайызды, 20,6 пайызы – орта білімі барлар, 60,8 пайызы – жалпы орташа білімі барлар жіне 9,8 пайзды – білім жоқтар құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 24 қараша айында Мелекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына қол қойды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
536

Жамбыл облысында 25 жыл ішінде 102 білім беру нысаны ашылды

Жамбыл облысында 25 жыл ішінде 102 білім беру нысаны ашылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеді.

«Еліміздің тәуелсіздігін алған 25 жыл ішінде денсаулық саласына үлкен көңіл бөлінді. Жамбыл облысында «100 мектеп, 100 аурухана салу» аясында құны 18,8 млрд. теңгеге 6 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Оның ішінде елімізде аналогы жоқ облыстық қан орталығы да бар», - деді Е.Манжуов.

Сонымен қатар, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасы аясында жоспарланған 1,8 млрд. теңгеге 25 денсаулық нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Денсаулық саласын қаржыландыру көлемі өсіп, 2005 жылы – 9,2 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы - 40 млрд. теңге бөлінді, яғни 4,4 есеге өсті.

Назар аударар жайт, өңірде ширек ғасыр ішінде 102 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 76 мектеп, 25 балабақша, 1 колледж бар.

«Қазіргі таңда облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сандық көрсеткіштері 3 365 құрап отыр. Оның ішінде 741 тарихи – мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Тарихи-мәдени нысандарды сақтау және қалпына келтіру мақсатында, ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында 2009 жылдан бері 10 ауданның және Тараз қаласының ескерткіштер жинақ кітабы шықты», - деді ол.

«Сонымен қатар, 2014 жылы ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік Мәдени Мұра» тізбесіне Жамбыл облысында орналасқан Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Қостөбе қалашықтары және Ақыртас кешені енгізілген. Этно-мәдени орталықтың құрылыс жұмыстары аяқталуда. Зиялы қауым өкілдерінің де мәдениет саласында жетістіктері жетерлік», - деп аймақ басшысының орынбасары өз сөзін түйіндеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
438

«Самұрық-Қазына» қоры жаңа салаларды дамытуға жылына 80 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» АҚ сараптамалық-консультативтік кеңесінің отырысы өтіп, онда компанияның топ-менеджменті Қор компаниялары тобының бизнесін трансформациялау бағдарламасының аралық қорытындысын шығарды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ.

Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық холдинг үлгісінен «белсенді инвестор» рөліне көшу жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Қор тобы жобаларының инвестициялық қоржынында құны 108 млрд. доллар болатын 100 шақты жоба бар. Жалпы инвестициялық бағдарлама бойынша жобалар іске қосылғанға дейін 80 мың жұмыс орнын, іске қосылғаннан кейін 40 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

«Біз табысы жоғары, салынған капиталды жоғары деңгейде қайтара алатын жобаларға инвестиция салуға көштік. Қордың инвестициялық жобалары ішінен мына екі бағытты атап айтуға болады – жаңа инновациялық технологиялармен қамтылған жаңа металлургия және Атырау мен Тараздағы органикалық және органикалық емес кластерлер», - деді Өмірзақ Шөкеев сараптамалық-консультативтік кеңес отырысында.

Қор қоржынындағы жобалар экономиканың дәстүрлі салаларында ғана емес, жаңа индустриялық бағдарламада басымдық берілген,  жаңа дамып келе жатқан салаларда – мұнай-газ химиясы мен агрохимияда, сондай-ақ, тау-кен секторында қолға алынып отыр.

«Біздің инвестициялық бағдарлама ИИДМБ 2 басымдықтарымен сәйкес келеді. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы іске асырып жатқан жобалар индустрияландыру картасын толықтыруға негіз болады», - деді ол.

Қор 2016-2020 жылдары жаңа салаларды дамытуға, жылына 50-80 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл жобалар да толық іске қосылғанға дейін 9 мың, іске қосылғаннан кейін 8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сараптамалық-консультативтік кеңес мүшелері Қордың бизнесті трансформациялау аясындағы бастамаларына жоғары баға берді.

ҚР Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның айтуынша, сараптамалық кеңестің ашық жұмыс форматы Мемлекет басшысының «Самұрық-Қазына» АҚ Трансфомациясы форумында берген тапсырмаларының қай деңгейде орындалып жатқандығын жан-жақты көрсетті.

«Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ мен сараптамалық-консультативтік кеңестің ашық форматтағы жұмысының оңды тұстарын атап өткім келеді. Мәжілістегі есігіміз де әрдайым ашық, көптеген әріптестеріміз жұмыс топтарында еркін жұмыс істей алады. Енді біз «Самұрық-Қазына» қорының да есігі әрдайым ашық екенін көріп отырмыз», - деді Г.Исимбаева.

Кеңес отырысында «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығындағы трансформация мәреге шыққаны атап өтілді. Барлық деңгейде ашық конкурстық негізде өткізілген жаңа ұйымдық құрылымға өту жұмысы аяқталды. Нәтижесінде корпоративтік орталықтағы топ-менеджерлер саны 16 адамнан 9 адамға азайса, Қор қызметкерлерінің құрамы 40 пайызға жаңарып, ұйым 30 пайызға оңтайландырылды.

«Мен кадрларды таңдаудағы ашықтыққа мән берілгенін атап өтер едім. Қазақстан – шағын мемлекет, мен «Самұрық-Қазынаға» жұмысқа тұру туралы көптеген адамдардан естіп-білгенімді ғана айта аламын, олардың көбісінің пікірі оңды. Жалпы алғанда Трансформация бағдарламасының өзі Қор компаниялары тобындағы оңды өзгерістерге себепкер болып отыр», - деп атап өтті Стратегиялық бастамалар орталығының бас әріптесі Олжас Құдайбергенов.

Сондай-ақ, Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, халықаралық қор биржаларының стандарттарына сәйкестендірілген. Нәтижесінде, ЭЫДҰ-ның қолдауымен жаңа Корпоративтік басқару кодексі жасалып, бекітілді.

«Трансформацияның ең жағымды тұсы – тәжірибе бөлісу. Және мұның бәрі біртұтас жүйеде, біртұтас бизнес үдерістер шеңберінде жасалып жатыр. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жедел әрі озық нәтиежелер бар, ал негізгі мақсаттарға орта және ұзақмерзімді кезеңде қол жеткізілуі тиіс», - деді белгілі қаржыгер Жаннат Ертілесова.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
670

Әйелдер қоғамы «25 пайдалы іс» акциясына үлкен үлес қосты – Әбдықалықова

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдықалықованың төрағалығымен әйелдерге қатысты барлық теңсіздіктің жойылуы туралы конвенцияның орындалу барысы бойынша отырыс өткізді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссия төрағасы Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баяндамаларын тыңдады.

ҚР Мемхатшысы хабарлағандай, комиссия отырысының күн тәртібінде үш маңызды мәселе талқыланды.

«Бірінші мәселе: БҰҰ Комитетінің қорытынды ескертулерін іске асыру бойынша Қазақстанның әйелдерге қатысты теңсіздіктің  барлық  әдістерін  жою туралы конвенцияны іске асыру бойынша біріккен үшінші және төртінші баяндама бойынша  іс-шаралар жоспарын іске асырудың барысы туралы. Екінші мәселе: 2006-2016 жылдарға Қазақстан Республикасындағы гендерлік даму стратегиясының іске асуы, теңдік бойынша шаралар туралы. Үшінші мәселе: отбасылық гендерлік саясат тұжырымдама жобасы туралы»,-деді Г.Әбдықалықова.

Ұлттық комиссияға әйелдер тарапынан шағымдар жиі түседі. Осылайша, 2015 жылы сотқа түскен қылмыстық істердің 43,1 пайыз жәбірленушілер – әйелдер мен балалар болған.

Мемхатшы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның «25 пайдалы іс» акциясына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Аталмыш науқан аясында жетім балаларға арналған әлеуметтік-маңызды шаралар ұйымдастырылды.

Гендерлік теңдікті насихаттау, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту БҰҰ-ның мыңжылдық дамуының мақсаты болып табылады. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумда гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингісінде 47-ші орында тұр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
1197

Тәуелсіздік жылдары Жамбыл облысына құйылған инвестиция көлемі 80 есеге өсті

1999-2015 жылдар аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция 80-нен астам есеге өсті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеді.

«Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл ағымында облыс экономикасында дамудың оң динамикасы байқалады. Өңірлік жалпы өнім 10,8 млрд. теңгеден 1014,5 млрд. теңгеге өсті. Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 2000-2015 жылдар аралығында 25,8 млрд. теңгеден 283,9 млрд. теңгені құрады немесе  2,5 есеге өсті.Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында соңғы 6 жылда облыста құны  158,4 млрд. теңгені құрайтын 43 өндіріс орны пайдалануға берілді. Бұл 5000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызды», - деді Е.Манжуов.

Атап өтетін жайт, 1999-2015 жылдар аралығында негізгі капиталға салынған  инвестиция  81 есеге  өсті. Сонымен бірге, әлеуметтік нысандар, инженерлік және транспорт инфрақұрылымын дамытуға бюджет қаржысының көлемі шамамен 209 есеге ұлғайған.

«Әлеуметтік саланың дамуы бюджет кірісінің табысы оң динамикалық өсуге жағдай жасады. Тұрғындардың әл-ауқаты өсуі мен жұмыссыздардың саны тұрақты төмендеуі көрінеді. Жұмыссыздар деңгейі 2015 жылы 4,9%  құраса, 1998 жылмен  (14,2%) салыстырғанда  пайыздық шамада 9,3-ке төмендеген. Халықтың жекелей  ақшалай табысы 2000 жылдан 2015 жылмен салыстырғанда 12,6 есе өсті. Ал орташа жалақы мөлшері 10 есеге ұлғайды», - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
577

Оралда Қазақстандағы мейіргерлік істі дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжінде ҚР ДСӘДМ, БҚО білім беру және денсаулық сақтау саласы басқармалары өкілдерінің, облыстағы медициналық ұйымдары бас дәрігерлерінің, Қазақстан мен Ресей медициналық колледждері оқытушылары мен басшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы мейігерлік білім беруді жаңғырту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Шара аясында заманауи денсаулық сақтау жүйесін құрудағы мейіргерлік іс мамандарының атқаратын қызметі мен ролі, орта медициналық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлау жүйесіне дуальді білім беруді енгізу мәселелері қарастырылып, практикалық денсаулық сақтау мен мейіргерлік білім беру ісінің өзара ықпалдастығы, сонымен қатар, мейіргерлік білім беру ісі жүйесіндегі қолданбалы бакалавриатты дамыту перспективалары талқыланды.

Конференция қатысушылары қабылдаған резолюцияны жүзеге асыру мейіргерлік іс мамандарының кәсіби деңгейін айтарлықтай арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мейіргерлік іс мамандары барлық деңгейлерін дайындаудың оқыту бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
567

Шетелдік компаниялар Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өніміне қызығушылық танытып отыр

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы компания басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен «Inno Trans 2016» халықаралық көрмесіне қатысты.

Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, қазақстандық делегация темір жол көлігі басшыларының саммитіне қатысты. Саммитке 50-ден астам елдің өкілдері қатысты.

Форум жетекші еуропалық және азиялық темір жол компанияларының өкілдері арасында диалог үшін жаңа мүмкіндік ұсынды.

Саммитке қатысушылар сандық технологиялар, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, темір жол жабдығының жаңа түрлерін пайдалану, дабыл, байланыс, материалдар құрылымы, темір жол және доңғалақты-таңғыш өнімдерін қадағалау саласында тәжірибе алмасты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  хабарлағандай, теміржол компанияларының өкілдері қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне мүдделі. Ақтөбедегі рельс -арқалық зауыты рельстерді ұсынды.

Сапар барысында Берлинде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы темір жол көлігі әкімшіліктері және теміржол басшыларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

«Ресей темір жолдары» ААҚ Президенті Олег Белозеровпен келіссөздер барысында тасымалдаудың көлемін ұлғайту, ҚР мен РФ шекараларында транзиттік трафиктің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Кездесуде Беларусь, Молдова, Латвия, Украина темір жол әкімшіліктерінің басшылары - В.Морозовпен, Ю.Топалмен, Э.Берзиньшпен, В.Болчунмен темір жол көліктерін құру, көлік және логистика саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.

«GE Transportation», «Alstom», «Talgo», «Siemens», «Трансмашхолдинг» Халықаралық компаниялардың басшыларымен келіссөздер барысында темір жол машинасын жасауды одан әрі дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
373

Қазақстанда жыл соңына дейін 10 мың тауар өндірушіні оқыту жоспарланған

2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда 10 мың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін қамтитын 700 семинар өткізу жоспарланған, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Атамекен» ҰКП Агроқұзырет орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков.

«Фермерлерге арналған семинарларды шілденің аяғында бастаған болатынбыз, біліктілікті арттыру семинарларын қазанда өткізуді қарастырып отырмыз.  Республикалық бюджет  туралы заңға сәйкес  АШМ бюджеті  бұл мақсаттарға 1 млрд теңгені қарастырып отыр», - деді ол.

Т.Рахымбеков айтып өткендей, фермерлер үшін  оқыту үрдісі  тегін жүзеге асырылады, мұндай  үрдіс өзге бірде-бір салада кездеспеген.

«Бұл ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету  шараларының бірі  болып табылады.  2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда  10 мың ауыл шаруашылығы тауарын  өндірушіні қамтитын 700 семинар өткізу жоспарланған», - деді ол.

Сондай-ақ, директор айтып өткендей,  фермерлердің  уақытша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, семинар  1-3 күнге  есептелген. Фермерлер  өздеріне қызықты бағытты  таңдап алады.

«Сұраныстар бойынша біз оқыту бағдарламасын әзірлейтін боламыз.  Дәріс оқитын маман мен сарапшыны іріктеп аламыз. Талқыланатын мәселелер өте көп, гербицидтер мен пестицидтер, экономикалық тиімділікті арттыру мен мемлекеттік қолдау мәселелері де бар. Аталмыш бағдарлама аясында  барлық қатысушыларға  мониторинг пен сауалнама жүргіземіз. Нәтижесінде,  сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызы семинарлар туралы пікір қалдырады», - деді Н.Рахымбеков.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
461

Сенат Қазақстан мен Сербия арасындағы қосарланған салық тұжырымдамасы туралы заң жобасын қарайды

Қазақстан мен Сербия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2015 жылғы 28 тамызда Астанада қол қойылған Конвенция мен Хаттама Қазақстан мен Сербия арасындағы инвестицияға қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Конвенция қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында жасалған халықаралық екіжақты құжат болып табылады. Тараптар салық төлеушіге келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінде тек қана бір рет салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Оған екінші мемлекетте салықтың төленген сомасы есептеледі немесе басқа мемлекетте салық салынған жалпы кірістің бөлігін салық салудан алып тастайды. Заң жобасында төмендетілген бағам бойынша кіріс пайда болған мемлекеттегі дивидендтер, пайыздар мен роялтилерге салық салынуы мүмкіндігі туралы ереже қарастырылған. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
479