ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Астанаға Жамбылдың өлкетану мұражайынан сақтардың әскери жабдықтары әкелінді

Астанада Жамбыл облысының «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты мұражай көрмесі ашылды . Елорданың тұрғындары мен келген қонақтарына облыс аумағында қазба жұмыстары барысында табылған бірегей тарихи экспонаттар, әскери техника, мыс және қоладан жасалған бұйымдар, ежелгі қыш құмыралар мен зергерлік бұйымдар ұсынылды.

Жамбыл облысының «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты мұражай көрмесі «Тарихи ғасырлар бойғы Қазақстан» Ұлттық музейінің жобасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілуде.

«Елорданың тұрғындары мен қонақтары сақ дәуірінің бірегей артефакторларымен танысуға мүмкіндік алады: Тараз қалашығында қазба жұмыстары барысында табылған керамикадан жасалған бұйымдар;  2012 жылы Жетітөбе зиратынан табылған алтын бұйымдар; қоладан жасалған бұйымдар ,-деді Жамбыл облысының тарихи-өлкетану мұражайының экспозиция бөлімінің меңгерушісі Людмила Халилина.

«Этникалық мәдениет және қазақ халқының өмір сүру» атты бөлімінде келушілердің қазақ халқының өнерін, халық  музыкалық аспаптар жинағын, былғары және ағаш зергерлерінің  үздік жұмыстарын көру мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, экспозицияның шығармашылық бөлігі де үлкен қызығушылықты танытады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz