«Мафия» ойны махаббатқа жеткізеді.
"Жұма. Сағат кешкі 6:00. Таңертеңнен бастап кешке дейін университетте жүріп, қатты шаршадым. Сонымен қоса, түсте болған зертханалық жұмыстың кезінде керекті нәтижелер де шықпай, көңіл күйім түсіп кетті. Ендігі арманым бөлмеге барып, өзімнің жұмсақ, түймедақтың иісі бар төсегімде рақаттанып демалу. Алайда, менің қарным аш, сондықтан жатаханаға барып, тамақ дайындап, қарынды тойдырып алу керек. Сағат кешкі 8:00. Ерінгендіктен оңай әрі тез дайындалатын етсіз қуырылған картопқа тойып алдым. Енді не істесем болады екен? Үй жұмысын істейін бе әлде кино көріп, жұманың кешкі уақытында демалып, барлығын ертеңге қалдырайын ба? Біраз ойланып, химияны оқуға шештім, өйткені сейсенбі күні емтихан болады. 23:00. Химияның жиырма алтыншы бөлімін бітіріп, шамалы тынығуды ойладым. Сол себепті ноутбукты қосы…