«Мемлекеттік қызмет – менің тандауым» жастар флешмобы
А.ж. 30 қыркүйегінде Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Мемлекеттік қызмет – менің тандауым» тақырыбында Абай Мырзахметов атындағы университетінің студенттері қатысуымен жастар флешмобі өтті.
Іс-шара Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істер департаментімен ұйымдастырылды.
Нақты іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің имиджін жоғарлату, азаматтардың өздерінің қабілеттері мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділіктігін және өсуін көрсету болды.
Абай Мырзахметов университеті алаңында өткізілген флешмоб барысында қатысушылар мемлекеттік тәуелсіздікті, достық, отан сүйгіштік, мемлекеттік қызметті білдіретін әр түрлі тұлғалар көрсетіп сап түзеді.
Жалпы, аталған іс-шараға 200-ден астам адам қатысты.
