Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстанда ауылдық жастарды оқытуға 7 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда ауылдық жастарды оқытуға 7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Астанада өткен «Жастар саясатын жүзеге асыру мен қалыптастырудың ерекшеліктері» халықаралық ғылыми-конференциясы барысында айтты. «Дүниежүзілік банкпен серіктестік аясында Қазақстанда  7 млрд теңге  ауылдық жастарды оқытуға бағытталады. Бұл жоба биыл және келесі жылы жүзеге асырылады. Қазір басқарушы ұжымды қалыпастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Аталмыш топ  БҒМ арқылы ауылдық елді мекендерге жастармен жұмыс істеу үшін модельденеді.

«Қазір жастар арасында өзекті мәселелер өте көп.  Оның ішінде Қазақстандағы жастар саясаты үш ірі бағыт бойынша жалғасып жатыр. Бұл жастардың өзін-өзі дамытуларына жағдай жасау, яғни төртінші бағытты қосу болып табылады. Бұл жас ұрпақтың денсаулығын қорғау, білім беру сапасы,  жастар арасында жұмыс орындары мен өз кәсібін ашуға ынталандыру, қолжетімді баспанамен қамту болып табылады. Бұл төрт бағыт бойынша мемлекет жағдай жасайды», - деді ол.

Екінші ірі бағыт – қауіптерді сейілту, оның ішінде экстремизм, терроризм, қылмыс, компьютерлік тәуелділік бар.

«Бұл қауіптер өзге министрліктермен бірге әзірленіп, аталмыш қауіптерді түсіру бойынша шаралар қабылданады, үшінші бағыт – «Мәңгілік ел»  жобасы бойынша  патриоттық тәрбиелеу жұмысы», - деді ол.

Алдын-ала ұйымдастырылған сауалнамалардан кейін көптеген ауыл жастарының білім алуға, қызметке тұруға және баспана алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың бар екенін білмейтіні анықталды. Жастардың осындай бағдарламалар туралы сауалдарына жауап қайтаратын және ақпарат беретін арнайы кеңес орталықтары ұйымдастырылған. Мәселен, жас азаматтың жеке басына қатысты мәселелері бар болып, оған арнайы маманның көмегі қажет болған жағдайда, кеңес орталығына бірлесе қызмет жасауға шақырылған психолог мамандар олардың мәселелерін тыңдап, кеңес беруге  әрқашан дайын.

Сондай-ақ, Г.Оспанқұлов атап өткендей, аталмыш бағдарлама аясында ауылдық жерде  8,5 мың жас пен 2,5 мың жас жобалар іріктеледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
498

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда ауылдық жастарды оқытуға 7 млрд теңге бөлінеді - Yvision.kz