Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысында астық кептіруге қосымша дизель отыны бөлінді

Естеріңізде болса, бұған дейін аймақтың кейбір диқандары біздің арна тілшілеріне жанармайдан таршылық көріп жатқанын айтқан еді. Алайда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұл шағымды негізсіз дейді. Себебі, егін орағына деп Үкіметтен арнайы бөлінген 75 мың тонна сұйық отын аудан, ауылдарға уақытында үлестірілген. Айта кетейік, бүгінге дейін өңір диқандары сары алтынның 98%-ын жинап үлгерді. Соңғы күндердің жаңбырлы болуына байланысты мемлекет тарапынан астықты кептіру үшін тағы 28 мың тонна дизель отыны бөлінген.

Максим Гатцанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі

- Егін орағына деп бөлінген 75 мың тонна дизель отынының бүгінде 96%-ы аймақ диқандарына үлестірілді. Бағасы литріне 95 жарым теңге. Бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағадан әлдеқайда арзан. Сондықтан, бізде сұйық отынмен проблема жоқ.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/141381-y-b-lindi

0
0
354

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысында астық кептіруге қосымша дизель отыны бөлінді - Yvision.kz