ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
3

Боқаев пен Аянов ісі: Митингтің заңсыздығы ескертілген еді...

Атырауда атышулы Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың соты жалғасуда. Дүйсенбі күні сотта үш куәгер тыңдалды.

Сәуірдегі митингі кезінде Атырау қаласының әкімі болып тұрған Нұрлыбек Ожаев (қазір ол «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары) сотталушы азаматтарға, яғни Талғат пен Максқа митингті «Исатай –Махамбет»  алаңында өткізудің заңсыз болатыны түсіндірілгенін айтты. «Жігіттерден сәуірде де, мамырда да митинг өткізу үшін «Исатай – Махамбет» алаңын бөлу туралы өтініш хат келіп түсті. Сәуірдегі хат бойынша, сол кездегі орынбасарым болған (Атырау қаласы әкімінің орынбасары) Гүлмира Шәкіроваға тапсырма бердім. Ол жігіттерге митинг өткізуге бөлінген бес орынның ішінде, «Исатай – Махамбет» алаңының жоқ екендігін түсіндірді. Бірақ, митинг бәрібір болды. Алаңға халықтың жиналып  жатқандығы жөніндегі хабар маған таңғы сағат 09.30 шамасында келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеттім. Сол кезде алаңда шамамен 200-ге жуық адам болды. Олардың кейбіреуімен сөйлесіп, не үшін жиналғандарын сұрадым. Олар «біз әлеуметтік желілерден жердің сатылатындығы туралы хабарды естідік. Сол үшін келіп отырмыз. Біз заңды оқыған жоқпыз» деген бағытта жауап берді. Әрине, мен халыққа жердің сатылмайтындығын, заң жобасында жерді жалға беру мерзімін 10 жылдан  25 жылға дейін созу мәселесінің көзделгенін түсіндірдім. Себебі, шетелдіктердің он жыл мерзімге бола, жерді жалға алуға деген қызығушылығы төмен еді» деп атап өтті куәгер Нұрлыбек Ожаев. Және де ол, митингке халық жиналып жатқан кезде Макс Боқаевтың алаңда болмағанын, оның оқиға орнына шамамен 13.30-дарда келгенін айтты.

Одан әрі куәгер, аталған азаматтардан мамырдың 21-і күніне митинг өткізу туралы ұсыныстың қайта келіп түскеннен кейін, бас кейіпкерлермен жеке кездескенін хабарлады. «Кездесуде митинг жоғарыда аталған «Исатай – Махамбет» алаңында өтетін болса, оның заңсыз болатыны түсіндірілді. Барлық нормалар айтылды» деді ол. Сот барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман Баженов, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Досқалиеваның куәгерлігі тыңдалды. Олар «Жер кодексі» бойынша бұқарамен арада түрлі форматта түсінік жұмыстарының жүргізіліп, арнайы топтардың да құрылғанын қуаттады.

Сот процесі ертең жергілікті уақытпен таңғы сағат 10.00-де жалғасады. Кезекті процессте Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың куәгерлігі тыңдалады деп күтілуде.