Түйенің қомында, аттың жалында өскен қазаққа еттің зиян екенін ұқтыруға тырысқандардың ойлары жүзеге асып жатыр.
Құрметті ет жейтін бауырларым! Біздің бойымызда холестерин көбейіп жатыр екен, бұның соңы ерте қартайып, тамырдан қан жүрмейтін дәрежеге жеткізеді дейді... Ол үшін не істеуіміз керек??? Пістені жиі шағып отыру еттен келетін зардапты азайтып, денсаулықты жақсартады дейді медицина. Бірақ, пістені жиілету тісіміздің Эмальін бұзып, бүйрек, жүйке ауруларына алып келеді екен. Бүйрек пен жүйкені қайтеміз, бізге ХОЛЕСТЕРИН азайса болды. Бұл тиімсіз деп ойлайсыз ба??? Ендеше жержеңғақты жиі жеңіз, Холестеринді азайтады. Есесіне артрит, артроз ауруларына шалдықтырады. Өз буындарыңыз бен сүйектеріңізге сенімді болсаңыз жиі жержаңғақ жеңіз. Холестерин болмайсыз .Немесе соя да жарайды. Оның да холестерин азайтатын өнері бар. Алллл 3 жыл соя егілген жерге 15 жыл түк өспейді екен. Осы соя шешімі дұрыс сияқты!
Соя егеміз => жейміз=> Холестериніміз азаяды=> сосын жерге шөп өспейді=> шөп өспегесін мал болмайды=> мал болмағасын ет жемейтін боламыз...
Мына емдомдарды жасайтын болсақ, Холестерин көкемізге жылап көрісетін түріміз бар .Етті, суды, тіпті сүттің өзін Үш стаканнан артық ішу адамды ерте қартайтып, сүйектерін әлсіз қылады деп жатқан ғалымдардың айтуымен жүретін болсақ аштан өлуге болады ағайын.http://inform.kz/kz/sut-eresek-adamdardyn-densaulygyna-ziyan-keltirui-mumkin_a2711848.Ет пен сүтті жиі ішкен адамның жасы қысқа болады екен сонымен.... Ал мен Жамбыл мен Бұқар аталарымыз ет жемеді дегенге өз басым сенбеймін.
Достар!!! Біз қанша тырысқанымызбен еуропалық бола алмаймыз, біз кең даланың төсінде еркін өскен дала көшпенділеріміз. Әр елдің өзінің бабасынан бастап жеп келе жатқан тағамдары бар, оның құрамында қанша зиянды дүние болсада оларға әсер етпейді. «Егер ағылшынның баласына салқын тиіп ауырса, оны қойдың құйрық майымен сыласа ол бала өліп қалуы мүмкін, ал қазақ баласы жазылып кетеді» деп еді ұстазым. Менің ойымша қазақтың ауруы еттен емес, сол еуропа пайдалы деп тапқан АРАҚТАН секілді. Ал мен ет жеуімді тоқтатқым келмейді.. Сіз қалай ойлайсыз????