Жоғарғы Сотта заң жобалары бойынша жария тыңдау өтті
2016 жылғы 18 қарашада Жоғарғы Сотта «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңның жобалары бойынша жария тыңдау өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Судьялар Одағының, Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері, жергілікті соттардың судьялары қатысты.
Заң жобалары судьялардың кәсіби қызметін мерзімді бағалау қорытындысы бойынша қабылданатын шараларды жетілдіру мақсатында әзірленді.
Заң жобасы судьялар корпусының сапалық құрамын одан әрі арттыру, кәсіби біліктілігін бағалау және оны көтеруге ынталандыру тетіктерін жетілдіру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайту үшін судьялардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.
Заң жобалары мен нақты нормаларға қатысты тұжырымды ескертулер бойынша қызу пікірлер таласы орын алды. Әр түрлі пікірлер айтылды, бірақ жалпы алғанда, судьялардың кәсіби қызметін мерзімді бағалау қорытындысы бойынша қабылданатын шараларды жетілдіру шарасын қатысушылар мақұлдады.
http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-zan-zhobalary-boyynsha-zhariya-tyndau-otti

