Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үндінің үймелеуі...

Әлеуметтік мәселе!!!Жалпы Әлеуметтік мәселе  деген сөзге тоқтала кетсем, Әлеуметтік мәселе қоғамда жиі талқыға  түсетін немесе сынға ұшырайтын басты проблема. Қазіргі таңда менің көтеріп отырған басты проблемам ол Қазақстан телеарналарының барлық  арналарында үнді сериялардарының қаптап кетуі. Қаптағаны соншалық кез-келген  арнаға көз салсаң үнділерден көз ашылмайды.Бұл әрине көре келе өскелең ұрпақтың санасын  улайтыны анық.

Мысалға алатын болсақ 6 немесе 7 жыл қатарынан Қазақстан арнасынан үзбей көрсетіліп келе жатқан «Келін телехикаясы өз  мәресін әлі табар емес. Бастапқыда көрермен саны жоғары болғанымен қазіргі таңда күрт төмендеді, Бұған себеп бір ғана сөйлем « жалықтырып жіберді»,  Халқымыз бұлмен тоқтап қалған жоқ. Келін жалықтырса басқасы бар емес пе? Деген ойды ұстанып ,Бірінен кейін бірін көріп алтын уақыттарын босқа шашады.Қазір көргені былай тұрсын,Үнді елінің біздің елде дамығаны соншалық қай жерде жүрсенде, қай жерді көрсеңде қыздарымыз қолдарына хна бояуын жағуды, бастарына орамал тағуды, үнді билерін билеуді әдетке айналдырған.Кейде мені толғандыратын сұрақ неге киноиндустрия саласын дамытпасқа, неге талантты бой жеткендер мен  боз балаларды іріктеп тамаша ұзын метражды кино түсірмеске, деген ой мазалайды.

 
0
0
621

Осы тақырып бойынша

Үндінің үймелеуі... - Yvision.kz