Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел Тәуелсіздігінің құрдастарымен бейресми кездесу өтті. Олардың ішінде жас болғанына қарамастан бүгіннің өзінде қандай да бір салада өз-өзін үздік көрсете алған мемлекеттік марапаттардың иегерлері, ғылыми жұмыстардың авторлары, өнер жолында жетістікке жеткен 1991 жылы туылған азаматтар жастар орталығында бас қосты.

Кездесу екі кезеңнен тұрды. Бірінші блок – тимбилдинг, бұл жерде жиналған жастармен түрлі командалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді. Құрдастар бір-бірімен таныстырып, өмірлік ұстанымдарын жеткізді. «Біз кімбіз?»  деп аталатын тренингте жастар берілген сауалдарға жауап беріп, Асия Мұқашеваның жүргізген ойындарына белсенділік танытты.

Топтық жұмыспен «Бірлігіміз жарасқан» тренингіне де қатысушылардың қызығушылығын танытты. Егемен елімізбен бірге ержеткен жастар қазір әр салада табысты еңбек етіп жүр. Араларында әлі де болса білім алып жатқандары да бар. Олар қазақ тілінің мерейі мен рухын асқақтата түсу үшін үндеу тастады.

Аздаған кофе-брейк үзілісінен кейін  кездесудің екінші кезеңі жалғасты. «Бізге 25 жыл» атауымен Қазақстан тарихынан білімдерін қайталауға және арттыруға  интелектуалды викторинасы өтті. 5 топқа бөлінген құрдастар 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін елімізде болған басты оқиғалардан құралған сұрақтарға жауап берді.

Аталмыш кездесу жылы, еркін түрде Тәуелсіздік құрдастарын біріктіре түседі және алдағы жылдары үшін жарқын әсерлерімен, естеліктер қалдырды деген сенімдеміз.

 
0
0
1629

Осы тақырып бойынша