Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған әйелдер форумы өтті.

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған әйелдер форумы өтті. 200-ден астам қатысушылар өткен ширек ғасыр ішіндегі қазақстандық әйелдердің жетістіктері мен табыстары туралы өз ойларымен бөлісті. Форумда елдің қоғамдық, іскерлік  және саяси өмірінде әйелдің рөлі арта түскені  атап өтілді. Алайда, форумға қатысушылардың  ортақ пікірі бойынша, қазақстандық әйелдің  отбасы  ошағын сақтаушысы, адал өмірлік серік және мейірімді ананың үздік үлгісі  болуы - ең басты жетістік. Форумда сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің  25 негізі»  науқаны шеңберінде өтті, және  Шымкент қ. ішкі саясат бөлімімен  ұйымдастырылды.

 
0
0
201

Осы тақырып бойынша

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған әйелдер форумы өтті. - Yvision.kz