Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаеваның қатысуымен Ақмола облысы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаментінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің, Табиғи монополиялар және бәселелестікті қорғау департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне арнап 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері ту…

0
0
379

Ақмола облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Искакованың қатысуымен Ақмола облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 18 мемлекетті…

0
0
377

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Атамбаеваның қатысуымен Ақмола облысының құрылыс басқармасында, архитектура және қала құрылысы басқармасында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 22…

0
0
259

Есте қалған, қалмағанның (әзірше) соңғысы

Осы тақырыптағы бұрын жарияланған жазбаларға жаңа қосымша. Осы жолы суреттерге өзім ойлап тапқан «ерекше түсіндірмелерді» жазуға уақыт болған жоқ. Бұл осындай мазмұндағы соңғы жазбам болатын сияқты. Неге дейсіз ғой? Біріншіден, «сәйкессіздіктерге» толы материалдар таусылған ды, екіншіден – осыларға ұқсас хабарламаларды одан әрі іздеп, жариялаудың арты өзіме қарсы сот ісінің қозғалуымен аяқталатынынан қорқамын (қалжың болса да, бұл туралы жазбаның соңында сөз болады). Осы «сәйкессіздіктердің» барлығын қазіргі болмысты белгілі дәрежеде бұрмалайтын карикатура деп айқындаса болатын шығар. Біреудің көңілінен шықпаған карикатураның біраз әбігерге түсіретін қабілеті бар екендігін жақында өзіміз естіп-көрдік. Осы ретте аты әлемге танымал даниялық суретші-карикатурашы Херлуф Бидструптың өзінің шығ…

0
0
626

Оралыпсың, сағыныштан сарғайып «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбай

Әуен авторы – From beginning till now “Winter sonata OST”

Бейнематериал авторы – Сагыныч «Кетпейм сага»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

       

Білемін ғой, оңай емес сағанда,

Оралыпсың, сағыныштан сарғайып.

Біле білсең, оңай емес мағанда,

Бірде барсың қасымда, бірде ғайып.

 

Көңіл мұңнан, көз жастан, шаршады ғой,

Жаңбырымен, бұл тағдыр, төпеледі.

Егіз жүрек, бөліп тастау қиын ғой,

Сағындырып, бір еркіңе көнбейді.

 

Тағатым жоқ, қанатым жоқ, қайтейін,

Ұшып барып, бір өксімді басар ем.

Нені іздедің басқадан, нені таптың?

Бұл тағдырдың сынағын, неге жаным, кеш ұқтың?

 

https://www.youtube.com/watch?v=jQ_cJGUcoJY

1
1
582

Жаңа форматтағы шалалық (ҰБТ 2017)

2016-2017 оқу жылы мектеп қабырғасындағы соңғы жылы болған болашақ түлектердi жаңа форматтағы ҰБТ күтiп тұрғаны белгiлi. Алайда оның мiнсiздiгiне сенiмдiмiз бе? Жаңа ҰБТ-ның ең өрескел қамшысы әдебиетшiлерге тигелi отыр. Мәселе таңдау пәндерiнiң комбинациясында. Небәрi төрт мамандық тиесiлi осы комбинацияға төрт бiрдей пәндi тықпыштауы ақылға сыймайды. Кiтапхана, мұрағат iстерi, филолог және мұғалiмдiктi қамтитын әдебиетшiлерге тарих таңдау пәнi болып бiрiккен дүние және Қазақстан тарихының аталмыш мамандықтарға жанама да қатысы жоқтығы күмәнсiз. Мәселен, филологқа дүние тарихын бiлудiң не қажетi бар? Тiл маманы болатын оқушыға Қазақстан тарихының да керегi шамалы. Сонда бұл қай мазағы? Тiл-әдебиет үшiн үш бәйтерегiмiз тамырынан шабылып, бес арымыз қыршынынан қиылғанда, әдебиетшiлердiң бү…

0
0
669

Шыңғыс бабамызға неге құрмет жоқ?

Шыңғыс бабамызға неге құрмет жоқ? Білге қаған табғаштардан жеңіліп (584 ж), ұлы Көктүрік империясы ыдырайды. Пайда болған вакуумде қытайлардың бодандары болып империя екіге бөлінеді: Шығыс түркі қағанаты, Батыс түркі қағанаты. Қытайлардың «Цань ши» (іштен құртша кеміру) саясатының салдарынан түркі тайпаларының арасында соғыс өрті толастамады. Бақталастық, тақталастық басылмай, пайда болған мемлекеттердің ғұмыры ұзаққа созылмай, соғыс пен бейбітшілік бір-бірін алмастырып тұрды. Вакуумды толықтырғандардың бірі Ұйғыр қағанаты (түркілердің ұйыған мемлекеті, 742-847жж.). Қағанат экономикалық дамуда, егіншілік, сауда, мәдениет, білім беру салаларында едәуір жетістіктерге жеткен болатын. Оның алғашқы билеушісі Шигянның (қытай транскрипциясы) ұлы Жошының (Пуса) есімі, ерлігі мен жаужүректігі тари…

0
0
1894

Көшпендім-ау, қайда кетіп барасың? «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны»

Бейнематериал авторы – Александр Жентелев «Зима природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

       

Көшпендім-ау, қайда кетіп барасың?

Талды ма екен, қанаттарың ұша алмай?

Ұмытпассың мүмкін сен, ұмытарсың,

Туған жердің, жусан иісін сақтамай.

 

Бұлақ суын, ішіп өскен ұрпағым,

Мынау елмді, алға тартар тұяғым.

Барасыңдар, қайда кетіп, қоштасып?

Зар жылайды-ау жүрегім, удай ащып.

 

Тоқтатар ем, бұл көшті, шамам жетсе,

Ұл-қызымды құшағыма, сансыз алып.

Өрлей ме екен, бұл елім, ұрпақ кетсе?

Жер анама, мұң батты-ау, бабам жылап.

 

https://www.youtube.com/watch?v=mwP_wJS_Md4

1
1
414

«Алмас қылыштың» Павлодарға келгендігі туралы (ойдан шығарылған әңгіме)

Елнұр бұл жұмысқа келгенде "қазаққа пайдам тиеді-ау" деп ойлаған. "Алмас қылыш" шыққан кезде қуанғаны да сондықтан, халыққа өткенін көрсетіп, осы бір "орыстанған" қаланың қаракөздерінің рухын көтеру мақсат қып алған. Құралы - "Алмас қылыш" әрине. Алайда, зерттеу жүргізіп, бұл қаланың қазақтары өз тілдеріндегі фильмдерге қаражат бөлуге дайын еместігін көрсетті. Оларға ютубтан көре салу артық. Күрсінді. Бір нәрсе жасау керек болды. Кез-келген әлемді өзгерткен идеялар секілді, қазақты өзгерткен идея кездейсоқ келді. Сәрсенбінің кеші бәйбішесін бір жерге шақырғысы келген Нұрлан интернеттен "Алмазный мечь" болатынын көреді. Алайда, бәйбішесі орысша түсінбейді. Отау құрғалы отыз жылда жұбайы балаларымен де, немерелерімен де тек қана қазақша сөйлескен. Тарихты сүйетіні тағы бар, бұл фильмді шағы…

0
1
928

Жалғыздың үні шықпас!

Бүгін осы бір қанатты сөздің мәнісін Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері мен ЖОО белсенділері бір-біріне түсіндірмек болды. Орталық директоры уақыттарын қиып келген барлық қатысушыларға жылы ілтипатын білдірді. -Біз әрдайым Орталықта жас еріктілер, жайдарманшылар, барлық жалындап тұрған жастарды көргенімізге қуаныштымыз. Әр ЖОО, әр коллдежде үздік болғысы келетін, көшбасшы болғысы келетін өз белсенділері бар. Ендеше, бір-бірлеріңізді қолдаңыздар, танысыңыздар! Қоғамдық істің адамды баулап алуы жағдайына Павлодар облысында көптеген жарқын мысалдар бар. Кезінде өз оқу орындарының, қалалық, облыстық, республикалық шараларда белсенді қатысып жүрген студенттерді қазір табысты азаматтар ретінде танимыз. Бұл кездесуде бүгінгі күні көптеген қоғамдық іс-шаралардың басы-қасында жүр…

0
0
737