Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының ішкі істер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы ішкі істер басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелерін қамту арқылы, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды.Семинардың модераторы Департаменттің басшысның орынбасары Е.Жайықбаев 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.

Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 66 мемлекеттік қызметшіні адамды қамтыды, соның ішінде 46-сы аудандық бөлімшелердің қызметшілері.Департамент госслужбы

0
0
389

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысының ішкі істер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы - Yvision.kz