№28 мектеп-лицей ұжымымен кездесу
2017 жылғы 26 қаңтар күні Департамент өкілдері №28 мектеп-лицей ұжымымен кездесу өткізді.
Шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, мектеп-лицей оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар ұйымдастыру және тағы басқалар жөнінде кеңінен түсіндірді.
Шара соңында әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
