Құрманғазы атындағы саз колледжіндегі кездесу
2017 жылғы 24 қаңтар күні Департамент өкілдері Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушылар құрамымен кездесті. Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, «Жемқорлықтың алдын-алу жайында» баяндама жасады. Ол өз баяндамасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, колледж оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша тиым салынғандығы және тағы басқалар…

