«Ж-Каскелен» ЖШС кәсіпорнында өткен кездесу
Бүгін халықтық коалиция атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Алматы облыстық штаб мүшелері Е.Турумбетов, Ж.Далабаев, Ж.Бектасов және Қарасай аудандық қоғамдық штаб мүшелері Қ.Айтжанов, С.Мәсімақынов, С.Жылқыбаев Қаскелең қаласындағы «Ж-Каскелен» ЖШС кәсіпорнына арнайы ат басын бұрды. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесу кезінде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРБІРІМІЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ» атты сайлауалды бағдарламасы басқосудың арқауына айналды.ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі қайта құру және терең саяси, экономикалық реформалар үдерісін іске қосты. Демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстан құру міндетін жариялады. Біздің ба…