Қ.Тоқаевтың Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Подстепный ауылында
Қ.Тоқаевтың Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Подстепный ауылында
Қоғамдық штабтың өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауылдық аймақтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Ауыл тұрғындары алдында сөз тізгіндеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қазиханов кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналатынын баса айтқанын жеткізді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналатынын айтқан еді. Демек, алдағы жылдары ауылдағы тұрмыс-тіршіліктің қаладағы сияқты жайлы болуына күш салынады. Байзақ ауданы облыс орталығына ең жақын аудан. Егін шаруашылығымен айналысатын өздеріңізге жер қажет-ақ. Сондықтан игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғасатын болады, - деді Білікбай Құбайысұлы
Арман Сағидоллин кандидаттың бағдарламасында халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, адам құқығының қорғалуы басты назарға алынғаны жөнінде толық ақпарат берді. Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға өз пікірлерін білдіріп, осы уақытқа дейін жүргізген реформасына көңілдері толатынын жеткізді.
#Toqaev2022
