Жәнібек ауданының ардагерлер кеңесі мүшелерімен және егде жастағы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді
Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президентігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері – Жәнібек аудандық мәслихат депутаты Біржан Қуаналиев және Жәнібек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уалиев Жәнібек ауданының ардагерлер кеңесі мүшелерімен және егде жастағы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде Біржан Қуаналиев кандидаттың өмірбаяны жөнінде мағлұматтар беріп және «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттар баяндап, толыққанды түсіндірді. Өз кезегінде Амангелді Уалиев бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктерді саралай келе, осы жетістіктерге өзіндік үлес қоса білген Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қолдау көрсетуге үндеу жасады.
Кездесуге қатынасқан аға буын өкілдері елімізде атқарылып жатырған жұмыстарға ризашылығын білдіре отырып, өз тарапынан алдағы сайлауға қатынасытындығын және сайлауда өз таңдауын жасайтындығын білдірді.
#Toqaev2022
