Ақсай қаласының №8 мектебінің мұғалімдерімен және қызметкерлерімен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін Ақсай қаласының №8 мектебінің мұғалімдерімен және қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде қоғамдық штабының мүшелері сайлауалды бағдарламаның "Әдiлеттi қоғам" деп аталатын бағыты бойынша өз ойларымен бөлісті.
Мектеп қызметкерлері жиналыстың соңында облыстық мәслихаттың депутаты - А. Агаевқа мектеп пен ескi Аралтал ауылына қатынайтын көлік туралы көмектесуiн өтiндi. Агаев Анвар Агаяроглы мәселенi шешу бойынша жұмыстанатынын айтты.
#Toqae2022



