«Бари» шаруа қожалығының жұмысшыларымен экспромт-кездесу
Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудан бойынша сенім білдірген өкілі Сүйнешев Әлібек Тау ауылындағы «Бари» шаруа қожалығының жұмысшыларымен экспромт-кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің мөлшері де көбейіп келеді. Кәсіпкерлік қарқын алған жерде экономикалық өрлеу, адами капиталдың өсімі болады. Кездесу соңында 20-сы қараша күні болатын сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын лайық деп танып, қолдауға шақырды.
#Toqaev2022
