Мазмұнға өту

Жаңа

Отан қорғаушылар күнімен!

Құрметті Отандастар, халықтың тыныштығын сақтаушы ағайындар! Сіздерді мемлекетіміздің сақтығын, тұтастығын, бірлігін қорғап жүрген- Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Әрқашан еліміз тыныш, қабырғамыз тең, аспанымыз ашық, өміріміз бейбіт күндерде болсын. Бабаларымыз алып берген ұлы даламызды- жерімізді біз де келесі ұрпаққа аманат етіп табыстайық! Баршаңыздың жанұяларыңызға бақыт: үлкендеріміз- қарияларымыз қасымызда қалқиып жүре берсін, аға буын өнегелі, орта буын ағайындарымыз даналы да мейірімді, балаларымыз арқашан бізді тек жетістіктерімен қуантып, дастарханымыз тек ақ батаға жайылсын. Барлығыңыз аман болыңыздар! Құрметті Отандастар, халықтың тыныштығын сақтаушы ағайындар! Сіздерді мемлекетіміздің сақтығын, тұтастығын, бірлігін қорғап жүрген- Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!…

2
3
793

Қызылордалық полицейлердің жаңа буыны салтанатты түрде ант қабылдады

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай және «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекелері қарсаңында Мемлекеттік Рәміздер аллеясында мерекелік шара болып өтті. Салтанатты жиынға департамент басшылығы, қызметкерлері және ішкі істер органдары ардагерлері қатысты. Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Гимні ырғағымен ашылып, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтауы оқылды. Департамент бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлы соғыс ардагерлерін, жалпы ішкі істер органдары ардагерлерін қатар келген екі ұлы мерекемен құттықтап, соғыста ерлікпен қаза тапқан әр батыр аталарымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді жүрек түкпірінде ұстайтынын ерекше атап өтті. Шара…

0
0
524

Торғай — ұлт ұясы немесе «Тылсым Торғайға тур» туралы

Тур идеясы жөнінде Осыдан біраз уақыт бұрын туризм саласын зерттеген, мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамда жұмыс істеген едім. Жұмыс барысында туризмнің, оның ішінде Қазақстанда ішкі туризмнің дамуын зерттеген болатынбыз. Сонда байқағаным, жалпы елімізде туристерді шетелге апару жолға қойылған екен, ал өз еліміздің ішкі туристеріне жағдай жасау, оларға қызмет көрсету әлі де ақсап жатқанын білдім. Оның үстіне Қостанай облысының Торғай өңіріне қатысты туризм туралы тақырып тіптен қозғалмаған екен. Біріншіден, елден ерте кеткеніммен, мен сол Торғай өңірінің тумасымын ғой. Екіншіден, бейнелеп айтатын болсақ, өз тамырыма қайта оралғаныма бір-ақ жылдан асты. Әрине, оны біреу бастау керек қой, не де болса оны біз бастап кеткен түріміз бар. Бұрынырақта, яғни 6-7 жыл бұрын Талғат де…

0
0
8549

Сені іздеймін, әлі мен, сенесің бе? «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Ким Да Хи Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – Айгүл Сағымбайқызы Сені іздеймін, әлі мен, сенесің бе? Өткен күннен, албұрап, атқан таңнан. Бір өзіңді аңсаймын, білесің бе? Әлі іздеймін көшеден, әр адамнан. Іздеймін-ау бұлақтан, асқар таудан, Қол жетпейтін, жеткізбейтін бұлттардан. Нөсерлеген, құйып тұрған жаңбырдан, Сені іздеймін, мазалаған ойлардан. Кейде іздеймін қасымнан, кейде алыстан, Көкжиектен іздеймін, алаңдатқан. Ақ сезімнен іздеймін, сағындырған, Сені іздеймін, алып ұшқан арманнан. Сені іздеймін, алаңдағы гүлдерден, Бүршігінен, сені іздеймін, иісінен. Сені іздеймін, самалдан, кейде желден, Біресе күннен іздеймін, біресе түннен. h…

1
1
1014

БҚО-да «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы іске асырылуда

2017 жылдың 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы аясында «Шымкент-Самара» республикалық трассасында рейдтік шара өткізілді.

Шараға Департамент, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы, «ҚазАвтожол» АҚ-ның БҚОФ-ы және «ҚазАТО» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Шара шеңберінде мобильді топ мүшелері көлік жүргізушілеріне жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратты.

0
0
354

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасыз болашаққа! Бірге!» мобильді тобының мүшелері азаматтарға көшпелі қабылдаулар өткізетіндігін хабарлайды. Қабылдаулар мереке күндерінен басқа апта сайын жүргізіледі. «Парасыз болашаққа! Бірге!» мобильді тобының азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ № р/с Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Азаматтарды қабылдау орны 1 әр сейсенбі сайын 10:00 – 11:00 Орал қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы (Некрасов көшесі, 30/1) 2 әр сейсенбі сайын 11:00 – 12:00 Орал қалалық Әкімдігі (Достық-Дружба даңғылы, 182/1) 3 әр сейсенбі сайын 12:00 – 13:00 Орал қалалық №2 ХҚКО (Құрманғазы көшесі, 173) 4 әр бейсенбі сайын 09:00 –…

0
0
285

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жөнінде ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АгенттігініңБҚО бойыншадепартаменті келесі ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде: - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының БҚО бойынша аймақтық филиалықызметінде 2017 жылдың 24 сәуірі мен 26 мамыры аралығында; - БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық қазақ драма театры» МКҚК мен «А.Н.Островский атындағы драма театры» МКҚКқызметінде 2017 жылдың 26 сәуірі мен 24 мамыры аралығында; - БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру жәнеавариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде2017 жылдың 25 сәуірі мен 25 мамыры аралығында. Осыған орай, жоғарыда аталған ұйымдар қызметіндегісыбайлас ж…

0
0
448

Мемлекеттік қызметке кіруге үміткерлердің назарына!!!

Мемлекеттік қызметке кіруге үміткерлердің назарына! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпанындағы №40 бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзудің жаңа Қағидалары бекітілді. Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, барлық тестілеу бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестілеу қосылды. Қағидалардың электрон…

0
0
382

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарға арналған қабылдау

2017 жылдың 4-5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бірінші бөлімінде азаматтарға жеке қабылдаулар жүргізілді.

Осы шара барысында тұрғындар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша сұрақтарға жауап алып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын берді.

0
0
381

Мобильді топтың квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен кездесуі

2017 жылдың 3 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өткізіліді.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухани-адамгершілік, азаматтық тәрбиелеу, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

0
0
374