Мобильді топтың квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен кездесуі
2017 жылдың 3 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өткізіліді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухани-адамгершілік, азаматтық тәрбиелеу, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
