Ал,бастайық!
Сәлем,сәлем. Есімім Корлаш. Жасым 22, бүгіннен бастап сіздерді жаңа блогыммен қуантамын деп ойлаймын. Жақын арада журналистика факультетін бітіремін, алайда, барар жолым басқа болып, «блог» жазуды ұйғардым. Айтарым бар, пікірім өзге болғандықтан біреудің қол астында жұмыс жасай алмайтын сияқтымын. Дегенмен, тәжірбием бар. Кезінде, қазақстандық шоу-бизнес жайлы бір журналда журналист болғанмын. Жазғанымды 10 рет тексеріп, оны өңдеп, соңында түп нұсқаға ұқсамайтын интервью, мақала басып шығарады. Мен жазған ақпараттар, деректер, қызықты фактілер шетте қалып кететін. Еңбегім елеусіз қалмаса да, көңілімнен шықпады. Жарнама агенттігінде де бағымды сынап көрдім. Үйренгенім көп болды. Бір емес бірнеше қызметті атқардым. Алайда, басшылықтың жұмыс жоспарының дұрыс болмауынан комания жабылып, жұмыс…