Ал,бастайық!
Сәлем,сәлем. Есімім Корлаш. Жасым 22, бүгіннен бастап сіздерді жаңа блогыммен қуантамын деп ойлаймын. Жақын арада журналистика факультетін бітіремін, алайда, барар жолым басқа болып, «блог» жазуды ұйғардым. Айтарым бар, пікірім өзге болғандықтан біреудің қол астында жұмыс жасай алмайтын сияқтымын.

Дегенмен, тәжірбием бар. Кезінде, қазақстандық шоу-бизнес жайлы бір журналда журналист болғанмын. Жазғанымды 10 рет тексеріп, оны өңдеп, соңында түп нұсқаға ұқсамайтын интервью, мақала басып шығарады. Мен жазған ақпараттар, деректер, қызықты фактілер шетте қалып кететін. Еңбегім елеусіз қалмаса да, көңілімнен шықпады. Жарнама агенттігінде де бағымды сынап көрдім. Үйренгенім көп болды. Бір емес бірнеше қызметті атқардым. Алайда, басшылықтың жұмыс жоспарының дұрыс болмауынан комания жабылып, жұмыссыз қалдым. Ойласам, соның барлығын бастан кешу керек болған сынды. Себебі, қазір жолымды тапқандаймын. Енді, сіздерді қызықтырған жұлдыздар жайлы соңғы жаңалықтармен осы блогта интервью түрінде бөлісетін боламын.

22 жасыма дейін бірталай съемкаларға қатысып, ел таныған жұлдыздармен таныс болғандықтан осы мүмкіндікті пайдаланатын боламын. Айтылмай қалған сұрақтарыңызға, елеусіз кеткен пікірлеріңізге жауап беруге тырысамын. Сұхбаттарымды ресми ақпарат ретінде қабылдағанша, достардың арасындағы қалжыңы мен мағынасы жарасқан әңгіме ретінде қабылаңыздар. Өзекті тақырыптарды қозғап, кейіпкерді жақынырақ тануға мүмкіндік жасаймын. Айтпақшы, кейіпкерімнің қалауына байланысты сұхбат қазақ тілінде немесе орыс тілінде жүргізіледі. (Я уверена что, все вы хорошо знаете русский язык. Да?). Сондықтан, қызыыыық боладыы, деп қояйыншы.
Егер, қалауларыңыз болса хабарласыңыздар. Ұсыныстарыңызда назардан тыс қалдырмаймын.
