Инстаграм-иллюзия немесе «жалған өмір сүру»
Кейбір «профайлдарға» қарап отырсаң, жақсы әсер қалдырады, барлық жағынан. Мінсіз бет терісі, мінсіз киім талғамы, тамақ таңдаудағы мінсіздігі, «сарказммен» жауап берудегі жоғары өзіндік бағасы –барлығы МІНСІЗ адамдар-ай!... Инстаграмда «статус», «популярность», «мне нравится» үшін өмір сүретін жандар қаншама...Шынында, бір досым айтпақшы, «показуха» ғо. Тұрмыстық өмірінде ешқандай қиындық жоқ секілді бәрінде... Күн сайын киноға, мейрамхана, кафелерге баруы, ең керемет деген мекен-жайларды «отметить» етіп, ең күшті деген, сұранысқа ие-ау деген кітаптап оқып...қыздар жағы тамақты керемет қып дайындап...мектепті жақсы бітірген, қызыл диплом деген «статусы» тағы бар, орыс тіліне жетік, ағылшын тіліне судай...ең өкініштісі, ата-анасын желіде ғана өлгенше құрмет тұтып, ал шынайы өмірде «қоқыс…