Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көңілдесі бар ер адамға әйелінің жазған хаты

Жаным, мен енді үлкен қызбын. Мен енді аяз атаға, ұшатын алқызыл аттарға және "верный" еркек бар дегенге сенбеймін. Мейлі, сен жиналыста болмай, көңілдесіңмен болсаң да, сен үйге келгенде бәрібір сенің жылуыңды, қамқорлығыңды сезінсем, сүйікті жар, аяулы ана бола берем. Бірақ, бұл тек бір жағдайға дейін: сен ұсталып қалмайынша! Сондықтан, жаным, өтінішім: көңілдесің бар болса-ҰСТАЛЫП ҚАЛМА!

Ер аамдардың көбісі аңқау, бейқам болады, сырттағы "интрижкасын" құпия сақтай алмайды. Ал, құпия сақтамағаннын кесірі-"КАТАСТРОФА!" Отбасы қирайды, әйелі жылап, күйеуінде кінә сезімі пайда болып, ішіп кетеді, ал балалары әке-шешенің қарауынсыз сабағы нашарлап, жаман нәрселерге әуес болады. Апокалипсис, бәрі бір "СМС-тің" кесірінен... Еркек болса, отбасын тастағысы келмеген, ол жеке өмірін жай ғана өрнек қосқысы келген. Негізі, барлық ер адамдар да болатын жағдай, ал біздер-әйелдер қауымы, бұл жағдайды мойындағымыз келмейді.

Әрине, жақсы, көзге шөп салмаған. Бірақ та, бұндай жағдай тек кітаптарда не фильмдерде болатын жағдай екенін мен баяғыда-ақ ұққам.

Сондықтан да, жаным менің, мен саған "моральды" ысырып қойып, қалай ұсталып қалмау жолдарын айтайын:

 

1) Телефоныңа келген хабарлама, қоңырауларды өшіріп жүр! Есіңде болсын, әйелің ұялы телефоныңды қарамайды емес, қарайды. Барлығын, кез келген жерде ӨШІРІП ЖҮР! Мен саған ескерттім! Не болмаса қосымша ұялы телефон ұста.

2) Қосымша телефоныңды үйге әкелме! Кешкі "чаттарсыз", көңілдесіңнің хабарламасасынсыз өмір сүре алмасаң да, сабағы нашарлап кететін ұл-қыздарыңды ойла! Шыда!

3) Егер кешке  үйге 19.00-де келіп жүрсең, сол уақытта келуге тырыс! Уақытында келмеу ұсталып қалуға әкеледі. Сондықтан да ақырын-ақырын уақытын өзгерт. Бір күні 19.00-де келсең, екінші күні 19.10-да дегендей, бірақ, ешқашан 23.59-да емес, бұл жағдай күдік туғызады. Түскі ас кезінде не іссапар кезінде кездесуге тырыс!

4) Қалтаңд ақша ұстап жүр! Көңілдесіңе берер ақшаңды "карточка" арқылы емес, қолма-қол бер! Не себептен екенін түсіндірмей-ақ қояйын...

5) Тек жалаңаштай болмаса, киім киіп тұрғанда, оны құшақтамауға тырыс, себебі, киімге сіңген әтірдің иісін жою қиынға түседі. Ал ерке көңілдесің әдейі істеуі әбден мүмкін. Сондықтан, бұл тәсілді де еске алып қой.

6) Көңілдесіңмен кездесер алдында, мені де ойлап қой! Маған не керек екенін сұра, сағынғаныңды, балаларды сағынғаныңды айтып, "звандап" қой. Кейін, жіберіп алған хабарламалар, қоңырауларға ақталып жатпайсың. "Маған жұмыс кезінде, хабарласпа!" деп айтушы болма. Балаларыңды ойла, отбасыңды сақта!

7) Ешқашан көңілдесіңді мен танитын адмадарға не болмаса өзіңнің достарыңа таныстырушы болма. Әйтпесе, маған "өсек" келуі мүмкін.

8) Көңілдесіңе отбасыңмен ажырамайтыныңды басынан айтып қой. Не болмаса "15 жыл отбасылық өміріңнің  13 жылын әйеліммен төсекте бас қоспадым" десең, көңілдесің тез алданып қалады.

9)Сен! Ажырасуды талап етпейтін көңілдестер де табылып қалады. Ақшаң үшін де жүрген көңілдестер де жетерлік. Осындайларды ұстауға тырыс. Олар саған " өтірік айтудан" ең сенімді "партнерің" болады.

10) Көңілдесіңе "уәде" үйіп-төгуші болма! "Өтірік уәдеге сеніп қалған ол маған келіп айтуы әбден мүмкін.

 

Мінеки, көңілдес ұстаудың тәсілдерін айтып өттім және оны есімде сақтайды деп ойлаймын. Отбасыңды сақта!

 
1
0
2065

Осы тақырып бойынша

Көңілдесі бар ер адамға әйелінің жазған хаты - Yvision.kz