Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 20 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы және Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
2017 жылғы 15 маусым күні Егіндікөл және Астрахан аудандары шекарасында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны эстафетасын тапсыру бойынша салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары К.Қасенов, екі ауданның ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.