Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбек мині Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының халқына мемлекеттік қолдау шаралары жайын түсіндірді

әлеуметтік қорғау

ҚР Бас прокуратурасының “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасы аясында, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мекемелер және прокуратура қызметкерлері жоба басталған 2017 жылдың 5 маусымынан бері Сарыағаш ауданы тұрғындарымен 22 кездесу өткізіп, әлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпарат 1 058 адамға жеткізілді.

Еске сала кетсек, “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасында, тұрмыстық жәбірлеулерге қарсы тұрудың тиімді тетіктерін енгізу мен аталған саладағы құқықбұзушылықтар санын азайту мақсат етілген.

Нәтижесінде, 109 азамат жеке тәртіпте көмекке жүгініп, олармен жан-жақты әңгімелесу жүргізілді. Қолға алынған іс-қимылдардың арқасында, аудан халқына келесі жәрдем түрлері көрсетілді:

-         1 адамға атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге қолдау жасалса, аз қамтылған отбасылардағы 12 жан жұмыссыз ретінде тіркелді;

-         “Өрлеу” мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 өтінім әзірленіп, 7 тұлға баспана алуға кезекке қойылды;

-         денсаулығының нашарлығына шағымданған 4 адам мүгедектік тобын анықтауға қажет тексеруге жіберілсе, тағы 4 адамға мүгедектер қоларбасы берілді;

-         тұрмысы төмен отбасылардағы 4 балаға жазғы демалысты қамтамасыз етуге қол ұшы созылса, осындай отбасылардағы 8 жеткіншек тегін мектеп киімін алатындар тізіміне енгізілді;

-         1 мүгедектің шипажайға жолдамаға өтініші қабылданса, 1 аз қамтылған отбасыға демеушілердің есебінен отын жеткізіліп берілетін болды;

-         кене қаптап кеткен 2 тұрғын үйге тазалық жұмыстары жасалса, 2 адамның кәсіби даярлықтан өтуге қатысты құжаттары қабылданды;

-         1 адамға АХАЖ орындарында құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсетіліп, 1 тұрмысы төмен отбасыға алаяқтық жолмен алынған 110 мың теңге қаржысы қайтарылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қанатқақты жобаға әрі қарай да атсалыспақ райда.

 
0
0
277

Осы тақырып бойынша

Еңбек мині Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының халқына мемлекеттік қолдау шаралары жайын түсіндірді - Yvision.kz