Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тайынша қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде азаматтардың қабылдауы өтті

А.ж. 16 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен Тайынша қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде азаматтар қабылданды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мәселесі бойынша тек аудан орталығының тұрғындары ғана емес, мемлекеттік органдар өкілдері де жүгінді. Олармен әлеуметтік, жер қатынастары, білім саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің сәйкес еместігін шешу жолдары жөнінде сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді.

Азаматтардың қабылдауы мұндай кездесулердің маңыздылығын, мемлекеттік қызметтердің сапалы және қолжетімді болуына қажет екенін көрсетті.

 
0
0
554

Осы тақырып бойынша

Тайынша қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде азаматтардың қабылдауы өтті - Yvision.kz