Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтер

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында «YouTube» бейне хостингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтер орналасқан.

Осы роликтерді қарау үшін https://www.youtube.com/watch?v=rv5Rmz3b0e4&list=PLvN9UMfEpeumCzdMYuNWbOZROvhCHwcxD сілтеме бойынша кіруге болады.

1
0
372

Криптовалюта дегеніміз не?

Криптовалюта дегеніміз не? Бұл қаржылық пирамида және виртуалды ақша емес. Бұл сандық ақша төлем құралы. Сіз кез-келген ақша аударымдарын жасасаңыз банк арқылы немесе кредиттік компания арқылы жүзеге асады. Мейлі телефонға бірлік, коммуналды төлемдер т.б көптеген операциялар делдал (комиссия) арқылы жүзеге асады. Ал криптовалюта да барлығы басқаша. Жалпы «крипто» сөзін грек тілінен аударсақ (құпия, жасырын) деген мағына береді. Мысалы сіз ватсап желісі арқылы жазған, жіберген хабарламаларыңыз әріптермен кетпей қауіпсіздік үшін шифрланады. Сандық ақша дәл сол сияқты. Ең алғаш криптовалютаның негізін қалаған псевдоним Сатошо Накомото атты математик 2009 жылы ойлап тапты. Негізі шын есімі бүгінге дейін белгісіз және оны ешкім көрмеген. Сатошо Накомото есімін жапон тілінен аударғанда "Ясно мы…

0
0
708

Бой түзейміз деп ой түзей алмай қалмайық...

Әрқайсымыз да өмір сүріп отырған қоғамымызда болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға өзімізше пікір білдіріп жатамыз. Сан түрлі ойлар ортаға түскеннен соң, қоғамдық пікір қалыптасады, тұжырым жасалатыны бар. Бірақ, қазіргі таңда ақпараттанудың оқ бойы озық болғаны соншалықты, әлеуметтік желілерде өзінің «адами» пікір білдіруінің жөні осы екен деп, көшеден бір олқылықты байқап қалса, дереу смартфонына қол жүгіртіп, оны видеоға түсіріп ала қоятын, әлеуметтік желідегі түрлі ой таластыратын парақшалар мен форумдарға салып жіберетін «желі белсенділерінің» де қарасы көбейіп бара жатқандай. Әрине, қоғамдағы жағдайларға бей-жай қарамаған дұрыс - ақ. Бірақ, әр нәрсенің шегінің болатыны секілді, әлеуметтік желі қолданушысының да өзіндік әдебі болуы керек емес пе?! Яғни, түрлі видеоны жүктеу арқылы,…

2
1
652

Төртінші билік өкілдеріне құрмет!

Ағымдағы жылғы 28 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

Тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының дамуына, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына елеулі үлес қосқандары үшін облыстық телеарналар және мерзімді басылымдарының редакцияларына Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Департамент ұжымы байланыс және ақпарат саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!

0
0
489

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ BI GROUP қызметкерлерімен кездесу өткізді

Бүгін мобильді топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша BI GROUP қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз пікірлерін ортаға салды және осы мәселеде қатысушыларды азаматтық тұрғыда белсенді ұстаным жасауға шақырды.

Іс-шара барысында белсенді диалог жүргізіліп, ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

0
0
208

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қалалық «Такси Сити» орталығымен бірлесіп «1424 Call-centrе» орталығының жұмысын және «Егер Сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз» жадынамаларын қоғамға кеңінен ақпараттандыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырды. «Такси Сити» орталығының автокөліктеріне ақпараттық қағаздар орналастырылды, сонымен қатар жүргізушілер тарапынан азаматтарға таратылым қағаздары үйлестірілетін болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қалалық «Такси Сити» орталығына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға…

0
0
620

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерімен кездесті

Ағымдағы жылғы 27 маусымда мобильді топ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және Астана қаласы ІІД ЖПБ Тіркеу-емтихандық бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Күлбаев, Астана қаласы блогерлер альянсының өкілі Арыстанғали Сансызбаев, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментінің офицері Абзал Божбанов сөз сөйледі.…

0
0
374

Ұлттық ұлан қатарында

Осыдан 26 жыл бұрын еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болған кезде еліміздің ішкі қауіпсіздігін қорғауға 1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскері құрылды. Содан бері қаншама жылдар өтіп, қаншама жас жігіттер Отан алдындағы қасиетті борышын Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер қатарында мерзімдік қызметтерін абыроймен адал атқарды. Солардың арасында 1995 жылы 7 сәуірде Ішкі әскер сарбаздарының Тәжік- ауған шекарасында Пшихавр сайында моджахедтармен болған қарулы қақтығыста 17 сарбаздың көрсеткен өшпес ерлігі ел есінде. 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскері, Қазақстан Респуб…

2
0
3354

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 28 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің №170/3 ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
299

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 28 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Әскери-техникалық мектебі Орал қалалық филиалының шақырылушыларымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

0
0
300