Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерімен кездесті
Ағымдағы жылғы 27 маусымда мобильді топ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және Астана қаласы ІІД ЖПБ Тіркеу-емтихандық бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Күлбаев, Астана қаласы блогерлер альянсының өкілі Арыстанғали Сансызбаев, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментінің офицері Абзал Божбанов сөз сөйледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін білдірді. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы бейнероликтер көрсетті.
