Комиссияның кеңейтілген отырысы
А.ж. 3 қыркүйекте партиялық ұйымдар төрағалары, партиялық топтар хатшылары және ұйымдар бухгалтерлерінің қатысуымен Степногорск қ. «Нұр Отан» партиясы филиалының жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің және партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті. Төрағалық еткен Степногорск қ. әкімінің орынбасары Г.Абилова және Степногорск қ. «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Омарова.
Отырыс барысында №3 және №5 партиялық ұйымдар төрағалары Р.Мұхамадиеваның және Е.Жанғодинованың баяндамалары, сондай-ақ, бастауыш партиялық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және жемқорлыққа қарсы бағдарлама мәселелері қаралды.
А.ж. 28 тамызда «Адал жол» жобасы аясында «Таңшолпан» жастар орталығы негізінде Степногорск қ. Жастар ресурстық орталығы «Жемқорлықты жақтайсың ба, қарсысың ба?» тақырыбында пікір-сайыс ұйымдастырды. Іс-шараға белсенді жастар қатысты.

А.ж. 31 тамызда Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі мәселелері жөнінде дәріс өткізілді.