Жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды
А.ж. 31 тамызда Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі мәселелері жөнінде дәріс өткізілді.
Іс-шараға Департаменттің бас маманы Д.Каконов қатысты.
Кездесу барысында Д.Каконов қатысушылар назарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуына аударып, қоғамда жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың әдістері туралы баяндады.
Кездесу соңында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы бейне роликтер мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы туралы бейне роликтер көрсетілді.
Іс-шараға барлығы 25 адам қатысты.
