Алдын алу шаралары қажет
А.ж. 4 қыркүйекте Ақмола облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі семинар өтті. Іс-шараға департаменттің басшылығы мен мамандары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері, мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуы туралы және т.б. сұрақтар талқыланды.
Сонымен қатар, Департамент қызметкері М. Тұрыбаев пен кездесуге қатысушылар арасында жемқорлық деңгейін төмендетуі, мемлекет пен қоғамның түрлі салаларында туындайтын жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюы тиіс алдын алу шаралары туралы, сонымен қатар, мемлекеттік органдарда жүргізіліп отырған жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлық көріністерін азайту және жою, жұртшылықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру жөніндегі жүйелі шаралар туралы әңіме өрбіді.
